Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения мероприятий по профессиональному и психологическому отбору

Бұйрық · № 1060 · қабылданған 23.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137454/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения мероприятий по профессиональному и психологическому отбору Қолданыста Бұйрық ·№ 1060 ·23.12.2019
30.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения мероприятий по профессиональному и психологическому отбору

Қолданыста Бұйрық ·№ 1060 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения мероприятий по профессиональному и психологическому отбору
Атауы (қаз.)
Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1060
Қабылданған күні
23.12.2019
Көрсетілген редакция
30.06.2025 137454_770416.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019762
ЭКБ идентификаторы
137454
Редакция идентификаторы
137454_770416
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:12

0 Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 27-тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі

іс-шараларды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы « __ » _______
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары

1

1. Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне (бұдан әрі – Қарулы Күштер) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Кәсіби және психологиялық іріктеуді қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің және әскери бөлімдердің (мекемелердің) психологиялық жұмыс мамандары жүргізеді.

3 3. Кәсіби және психологиялық іріктеу психологиялық тексеруді және әлеуметтік-психологиялық зерделеуді қамтиды.

4 4. Психологиялық тексеру кандидаттардың зияткерлік даму деңгейін, әскери қызмет өткеруге психологиялық жарамдылығын, кәсіби және жеке басының қасиеттерін (бұдан әрі – кәсіби тұрғыдан маңызды қасиеттер) психологиялық тестілеу әдісімен зерделеуді көздейді.

5 5. Психологиялық тексеру барысында мынадай міндеттер шешіледі:

1 1) зияткерлік қабілеттілік деңгейін айқындау;

2 2) оқи, жаза және өз ойын білдіре білуін тексере отырып, ақыл-ой кемістігінің белгілерін анықтау;

3 3) өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті, оның ішінде тұқым қуалайтын өзіне-өзі қол жұмсау белгісін анықтау;

4 4) жүйке-психикалық тұрақсыздық белгісін анықтау;

5 5) лауазымдық және функционалдық құзыретті орындау үшін қойылатын талаптарға сәйкес кандидаттың жеке басының басқа да қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау;

6 6) ойынқұмарлық белгісін анықтау;

7 7) қаржылық проблеманы және кредиттік ұйымдарға шамадан тыс тәуелділікті анықтау (ресми кредиттік тарихын зерделеу).

6 6. Әлеуметтік-психологиялық зерделеу жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту жағдайларын, оның әскери-кәсіби бағыттылығын, моральдық және жігерлік қасиеттерін, қарым-қатынас ерекшеліктерін бағалауды көздейді және психологиялық тексеру нәтижелерін растау мақсатында жүргізіледі.

Әлеуметтік-психологиялық зерделеу құжаттарды зерделеу, жеке әңгімелесу және байқау әдістерімен жүргізіледі.

7 7. Кәсіби және психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша кандидаттың кәсіби тұрғыдан жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бірі шығарылады:

1 1) «ұсынылады», осы санатқа жататын кандидаттар кәсіби тұрғыдан маңызды қасиеттерінің даму деңгейі бойынша әскери-кәсіби қызметтің талаптарына толық немесе негізінен сәйкес келеді;

2 2) «ұсынылмайды», осы санатқа жататын кандидаттар кәсіби тұрғыдан маңызды қасиеттерінің даму деңгейі бойынша әскери-кәсіби қызметтің талаптарына сәйкес келмейді.

8 8. Кәсіби және психологиялық іріктеу (зерделеу) нәтижелері кандидаттың жеке ісіне қоса тіркелетін психологиялық іріктеу (зерделеу) картасында көрсетіледі.

Қолданыстағы