Құжат мәтініне өту

Об образовании Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан

Жарлық · № 993 · қабылданған 10.12.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13748/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об образовании Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан Күшін жойған Жарлық ·№ 993 ·10.12.2002
27.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан

Күшін жойған Жарлық ·№ 993 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
993
Қабылданған күні
10.12.2002
Көрсетілген редакция
27.01.2011 AI13748_4.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U020000993_
ЭКБ идентификаторы
13748
Редакция идентификаторы
AI13748_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:40

0 Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.01.27 № 1142 Жарлығымен.
Жұртшылықтың мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы  ереже және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің дербес құрамыбекітілсін.

3 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 993 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес (бұдан былай - Кеңес) Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2 2. Кеңестің негізгі міндеттері:

1 1) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыруға, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу;

2 2) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне жүйелі кешенді талдау жасау және Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

3 3) Мемлекет басшысына бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманыжетілдіру, мемлекеттік билік органдары мен БАҚ-тың өзара тиімді іс-қимылын, сондай-ақ елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;

4 4) мемлекеттік және өзге де органдармен әрі мекемелермен қарым-қатынасында БАҚ пен оның қызметкерлерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;

5 5) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде жоғары этикалық және кәсіби қағидаттарды дамытуға жәрдемдесу, БАҚ саласындағы ақпараттық даулар мен өзге де талас туғызған жағдайларды реттеуге қатысу.

3 3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

4 4. Кеңестің құзыреті:

1 1) БАҚ қызметіне байланысты Мемлекет басшысына және тікелей Кеңеске жолданған арыздарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманыңсақталуын қарайды;

2 2) бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат нарығының жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы және жедел баяндамалар әзірлейді;

3 3) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік билік органдары мен БАҚ-тың өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде талдау материалдарын дайындайды және ұсыныстар әзірлейді;

4 4) мемлекеттік саясат пен Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін түсіндіру жөнінде сарапшылық-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар береді, соның ішінде БАҚ-қа береді.

5 5. Кеңестің өз құзыретінің шегінде:

1 1) өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат, құжаттар мен материалдар сұратуға және алдыруға;

2 2) өзінің отырыстарында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, БАҚ өкілдерін тыңдауға;

3 3) мемлекеттік органдар, шығармашылық одақтар мен өзге де ұйымдар өткізетін кеңестерге, конференциялар мен семинарларға қатысу үшін өзінің өкілдерін жіберуге;

4 4) мемлекеттік органдардың БАҚ қызметіне қатысты шешімдеріне баға беруге, мемлекеттік органдарға БАҚ қызметі жөніндегі мәселелерде ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;

5 5) БАҚ қызметінің түрлі қырлары бойынша жұмыс комиссияларын құруға, олардың жұмысына ғылыми, зерттеу, үкіметтік емес және өзге де мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін тартуға;

6 6) Кеңестің қызметі туралы республикалық және аймақтық БАҚ-та материалдар жариялауға құқығы бар.

6 6. Кеңестің отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентінің назарына жеткізілетін ұсынымдар мен қорытындылар Кеңестің шешімдері болып табылады.

7 7. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Журналистері Конгресі атқару комитетінің ұсынымы бойынша бекітетінКеңес төрағасынан, хатшысы мен мүшелерінен тұрады.

Кеңестің төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.

8 8. Кеңестің отырыстарын оның төрағасы қажетіне қарай, алайда жылына екi мәрте шақырады. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса, құқылы болып танылады. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

Кеңестің шешімдері қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Кеңес төрағасы Кеңестің шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды, отырысқа шығарылатын мәселелерді анықтайды, өзге де ұйымдық-өкімдік функцияларды орындайды.
Кеңес төрағасы орнында болмаған кезеңде оның тапсыруы бойынша отырыстарға Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді.
📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.06.14. N 1590жарлығымен.

9 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық Кеңестің ҚҰРАМЫ

9. Кеңестің қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтiк-саяси бөлiмi жүзеге асырады. U080533
📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.06.14. N 1590жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 993 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық Кеңестің ҚҰРАМЫ
Әбдiкәрiмов Оралбай       - Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк хатшысы, төраға
Қалетаев                  - Қазақстан Республикасы Президентi
Дархан Аманұлы              Әкiмшілiгiнiң Әлеуметтiк-саяси
бөлiмiнiң меңгерушiсi, хатшы
Кеңес мүшелері:
Әбіш                      - "Айғақ" баспа үйінің президенті
Дулат Назарбекұлы
Әкімбеков                 - "Континент" журналының бас редакторы
Сұлтан Мағрұпұлы
Бандровская               - "Ақтөбе Радио" ЖШС директоры
Наталья Глебовна
Губерт                    - "Экспресс-К" ЖШС бас директоры
Александр Александрович
Доскенов                  - "Қазақстан теледидары мен радио
Ғалым Төлембекұлы           хабарлары" ЖАҚ басқармасының
төрағасы
Ертісбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ермұхамет Қабиденұлы        кеңесшісі
Жұмабаев                  - Қазақстан телерадио хабарларын
Айдар Әбілмәжінұлы          таратушылар қауымдастығының
президенті
Қайырханов Сабыр          - "Ақ Жайық" газетінің бас редакторы
Қодар Әуезхан             - мәдениеттанушы
Козлов                    - журналист
Сергей Владимирович
Нығматулин                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ерлан Зайроллаұлы           Мәжілісінің депутаты (келісім

бойынша бойынша)

Платонов                  - Коммерциялық теледидар арнасының
Артур Станиславович         саяси шолушысы
Садықанов                 - "Астана ақшамы" газетінің бас
Мағжан Садықанұлы           редакторы
Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы            Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
жөніндегі комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Харченко                  - "Костанайские новости" газетінің
Сергей Васильевич           бас редакторы
Абдрахманов Сауытбек      - "Егемен Қазақстан" республикалық
газеті" ААҚ президентi
Балиева                   - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Зағипа Яхияқызы             министрi
Беркінбаев                - "Сайрам ақшамы" телекомпаниясының
Еділбай Түймебайұлы         бас редакторы
Дошаев                    - "Атырау ақпарат" МКК төрағасы
Ерген Николаевич
Куликова                  - "Собкор" ЖШС президентi
Валентина Куприяновна
Күнбаев                   - "Эра" телекомпаниясы" ЖШС бас
Мiрболат Тоқмырзаұлы        директоры
Майлыбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентi
Бағлан Асаубайұлы           Баспасөз қызметiнiң жетекшiсi -
Баспасөз хатшысының орынбасары,
Мұқанов                   - "Өскен өмiр" газетінің бас
Жұмабек Сейілханұлы         редакторы
Талаева                   - "Тандем" телерадиокомпаниясы"
Тәттігүл Жақсыбайқызы       ЖШС директоры
Шахнович                  - "Мегаполис" газетiнің бас
Игорь Олегович              редакторы
Шораев                    - "Xaбap" агенттiгi" АҚ орталық
Арман Төлегенұлы            бюросының директоры
Матаев Сейiтқазы          - Қазақстан Журналистер одағы
Бейсенғазыұлы               басқармасының төрағасы
Қосыбаев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы            ақпарат және спорт министрi
Квятковский               - "Казахстанская правда" республикалық
Олег Вадимович              газетi" АҚ президентi
📌 Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.06.14. N 1590 жарлығымен.

Қолданыстағы