Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 320
- Қабылданған күні
- 26.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2023 137503_670213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SE005754
- ЭКБ идентификаторы
- 137503
- Редакция идентификаторы
- 137503_670213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:01
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 09 қарашадағы № 336 қаулысының (2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының хатшысы
__________________Е. Әділбеков
2019 жылғы «____» ____________
8 Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2019 жылғы « 26» желтоқсандағы
№ 320 қаулысына
қосымша