Құжат мәтініне өту

О переименовании некоммерческого акционерного общества «Холдинг «Кәсіпқор»

Қаулы · № 979 · қабылданған 26.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137577/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О переименовании некоммерческого акционерного общества «Холдинг «Кәсіпқор» Қолданыста Қаулы ·№ 979 ·26.12.2019
27.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании некоммерческого акционерного общества «Холдинг «Кәсіпқор»

Қолданыста Қаулы ·№ 979 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании некоммерческого акционерного общества «Холдинг «Кәсіпқор»
Атауы (қаз.)
«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
979
Қабылданған күні
26.12.2019
Көрсетілген редакция
27.12.2023 137577_682353.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000979
ЭКБ идентификаторы
137577
Редакция идентификаторы
137577_682353
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:58

0 «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес

акционерлік қоғамын қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының

2012 – 2021 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1751 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-129-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-129. «Talap» КеАҚ».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы

27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-33-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«222-33-7. «Talap» КеАҚ».

3 3.

Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4

5 5. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 36-жол алып тасталсын.

6 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7 7. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 116-ө өкімінде:

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша) деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)».

Қолданыстағы