О порядке ввоза, реализации и использования нефтепродуктов в городе Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелудiң, өткiзудiң және пайдаланудың тәртiбi туралы
📌 Ескерту. Мемлекеттік тіркеудің күші жойылды - Алматы қалалық Әділет басқармасының НҚА мемлекеттік тіркеудің 21.07.2000 күшін жоюы туралы қорытындысымен.
Жүргiзiлген тексерулер Алматы қаласының аумағына әкелiнетiн және өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiнiң бiраз бөлiгiнiң қолданылып жүрген мемлекеттiк стандартқа, экологиялық талаптарға сай келмейтiнiн, жанармай құю станциялары иелерiнiң техникалық, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзатынын көрсеттi.
Жүргiзiлген лабораториялық тексерулердiң нәтижесiнде АЖС-нда мұнай өнiмдерiнiң оқтан мөлшерi төмен, құрамында қорғасын, механикалық қоспалар, әртүрлi тұнбалар көп күйiнде өткiзiлетiнiн көрсеттi. Мұның өзi Алматы қаласының экологиялық жағдайына керi әсер етедi. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң салық төлеуден, мемлекеттiк бюджетке басқа да мiндеттi төлемдерден жалтаратын жағдайлары байқалуда.
Бұл орайда автомобильдерге жанармай құю станцияларын бақылаушы органдардың көптеген тексерулерi өз нәтижелерiн бермеуде.
Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты Алматы қаласының Әкiмi шешiм қабылдады:
Тармақ 1
1. Мыналар бекiтiлсiн:
- "Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелудiң, өткiзудiң және пайдаланудың тәртiбi" (N 1 Қосымша);
- АЖС-ның мемлекеттiк стандарт, ҚННЕ және өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi туралы куәлiктiң формасы (N 2 Қосымша);
- АЖС-на қойылатын талаптар (N 3 Қосымша).
Тармақ 2
2. 1998 жылғы 20 қазаннан бастап "Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелудiң, өткiзудiң және пайдаланудың тәртiбi" енгiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Алматы қаласына мұнай өнiмдерiнiң әкелiнуiне, өткiзiлуiне және пайдаланылуына бақылау жасауды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия АЖС-ның орналастырылуын реттеу мақсатында жұмыс iстеп тұрған барлық АЖС-ларын 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейiн тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Былай болып белгiленсiн:
- нысандардың өрт және экологиялық қаупiнiң жоғары екенiн ескерiп, тиiстi бақылаушы органдардың қызметкерлерiнен құралған Алматы қаласына мұнай өнiмдерiнiң әкелiнуiне, өткiзiлуiне және пайдаланылуына бақылау жасауды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмыс тобы автомобильдерге жанармай құю станцияларын 6 айда бiр рет тексередi;
- АЖС-ның мемлекеттiк стандартқа, ҚННЕ-не, автомобильдерге жанармай құю станцияларын техникалық пайдаланудың және өрт қауiпсiздiгi Ережесiнiң талаптарына сәйкес келетiнi туралы куәлiк беруге оны iске қосу туралы актi, ал кейiнiрек ведомствоаралық жұмыс тобының тексергенi туралы қосымша актi негiз болады.
Тармақ 5
5. "Фирмалық көлiк қызмет көрсету орталығы" ЖТД-нiң Алматы филиалы (О.Р. Кулаков) салық комитетiне және ведомствоаралық комиссияға әкелiнген мұнай өнiмдерiнiң көлемi және оларды алушылар туралы мәлiметтердi апта сайын ұсынып отырсын.
Тармақ 6
6. Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiптiк биржасының Алматы қалалық салық комитетiне және Алматы қаласына әкелiнетiн, өткiзiлетiн және пайдаланылатын мұнай өнiмдерi бақылау жасауды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға мұнай өнiмдерi бойынша жасалған мәмiлелер туралы мәлiметтердi апта сайын берiп отыру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 7
7. Көлiк және байланыс бөлiмi (Н.П. Степанов) мұнай өнiмдерiн әкелудi, өткiзудi және пайдалануды реттейтiн, қолданылып жүрген нормаларды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк санкцияларын күшейту туралы ұсынысты 2 апталық мерзiмде әзiрлесiн және Алматы қалалық Мәслихатының сессиясында қарау үшiн ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 8
8. Конкурстық комиссияның АЖС жүйесi, "Мұнай-тест" мұнайды және мұнай өнiмдерiн сынаудың орталық лабораториясы арқылы өткiзiлетiн мұнай өнімдерін зерттеу құқығын беру туралы шешiмiне келiсiм берiлсiн.
📌 Ескерту. 8 тармақ өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 21.05.1999 № 457 шешімімен.
Басқа 9. ТӘРТIБI
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 жылғы 7 қазандағы
№ 966 шешiмiне
№ 1 қосымша
Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелу,
өткiзу және пайдаланудың
ТӘРТIБI
Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу және пайдаланудың Тәртiбi (әрi қарай мәтiн бойынша Тәртiп) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi "Товар биржалары туралы" Заң күшi бар N 2170 Жарлығына , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi "Биржалық товарлардың Тiзбесiн бекiту туралы" N 1035 Қаулысына , ҚР Премьер-министрiнiң 1998 жылғы 18 маусымдағы "Қазақстан Республикасына контрабандалық товарларды әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге мемлекеттiк бақылау мен алдын алуды күшейту туралы" N 115-ө өкiмiне , Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қалалық техникалық қадағалау мекемесi 1996 жылғы 25 қазанда бекiткен "Тұрақты, контейнерлiк және жылжымалы автомобильдерге жанармай құю станцияларын техникалық пайдалану Ережесiне", Алматы қаласы Әкiмiнiң 1998 жылғы 24 шiлдедегi "Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелуге, өткiзуге және пайдалануға бақылау жасауды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" N 708 шешiмiне және қолданылып жүрген басқа да нормативтiк және ведомстволық актiлерге, нормаларға сәйкес енгiзiледi. Мұнай өнiмдерiн пайдалануға регламент белгiлеудiң мақсаты - Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту, мұнай өнiмдерiнiң әкелiнуiне, өткiзiлуiне және пайдаланылуына тиiстi бақылау орнату, жанар-жағар май материалдарын пайдаланушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттiк бюджетке салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық төленуiн қамтамасыз ету, бақылаушы органдардың автомобильдерге жанармай құю станцияларын тексеруiнiң санын шектеу.
Осы Тәртiпте қолданылатын негiзгi түсiнiктер
Ведомствоаралық комиссия - Алматы қаласы Әкiмiнiң 1998 жылғы 24 шiлдедегi шешiмiмен бекiтiлген, Алматы қаласына мұнай өнiмдерiнiң әкелiнуiне, өткiзiлуiне және пайдалануына бақылау жасауды үйлестiретiн ведомствоаралық комиссия.
АЖС - мұнай өнiмдерiн өткiзуге және босатуға арналған, контейнерлiк немесе стационарлық үлгiдегi автомобильдерге жанармай құю станциясы.
📌 Ескерту. "ЖЖМ түсінігі" алынып тасталды - Алматы қаласы Әкімінің 21.05.1999 № 457 шешімімен.
CLEAN DASH CONS" концентраты - отындарға арналған қосалқы құрал негiзiндегi сұйық концентрат.
Ескерту. Қосымша толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 13.05.1999 № 438 шешімімен .
Мұнай өнiмдерi дегенiмiз - бұл шикi мұнайды және газды термокаталитикалық және мұнай химиялық синтез және басқа әдiстегi өңдеу нәтижесiнде алынған өнiм және қоспалар Осы өнiмнiң»тiзбесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң»1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысымен бекiтiлген (N 1 қосымша).
Ескерту. Қосымша толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 21.05.1999 № 457 шешімімен.
Шаруашылық жүргiзушi субъект - мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу және пайдалану қызметiн жүзеге асыратын заңды ұйым немесе жеке адам.
Куәлiк - автомобильдерге жанармай құю станциясының Мемлекеттiк стандартқа, ҚННЕ-не, "Техникалық пайдалану және өрт қауiпсiздiгi Ережесiне" сәйкес келетiндiгi жөнiндегi қатаң есеп беру құжаты.
Өкiлеттi адам - ведомствоаралық комиссияның нұсқауы бойынша, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу және пайдаланудың тәртiбiн сақтауының жайын тексерудi жүзеге асырушы адам.
Алматы қаласына арналған экологиялық талаптар - I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты - Депутаттар жиналысының 1994 жылғы 14 қазандағы III сессиясының қаулысымен бекiтiлген. N 5 Қосымша.
Сәйкестiлiк сертификаты - мұнай өнiмдерiнiң қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн және адамдардың өмiрiне, денсаулығына қауiпсiздiгiн, қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған талаптарға сәйкестiгiн растайтын ресми құжат.
Товар биржасы - мемлекеттiк лицензиясы бар, белгiленген биржалық сауда ережесi бойынша тиiстi уақытта және орында жария саудалау өткiзу арқылы мұнай өнiмдерi бойынша көтерме және ұсақ көтерме сауда қызметiн ұйымдастыруды және реттеудi жүзеге асыратын, меншiктiң, кез-келген түрiне негiзделген заңды ұйым. Алматы қаласындағы мемлекеттiк лицензиясы бар, товар биржасы - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiптiк биржасы (ХҚАБ).
Лаборатория - Алматы қаласында тiркелген, мұнай өнімдерін зерттеу құқығын конкурста жеңiп алған, мұнай өнiмдерiнiң сапасын зерттеу жөнiндегi сынау лабораториясы.
Ескерту. 10 тармақ өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 21.05.1999 № 457 шешімімен .
Сынаулар (зерттеулер) хаттамасы - мұнай өнiмдерiнiң белгiленген стандартқа, Алматы қаласына арналған экологиялық талаптарға сәйкестiгi бойынша Алматы қаласында тiркелген, сынау лабораториясында лабораториялық зерттеуден өткенiн дәлелдейтiн ресми құжат.
Уақытта сақтау қоймасы (терминал) - мұнай өнiмдерiн қолданылып жүрген нормаларға, ережелерге сәйкес сақтауға арналған тұрақты үлкен ыдыс.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақша 1.1
1.1. Тәртiп Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу және пайдалану жөнiндегi бiрыңғай талаптарды реттейдi, Алматы қаласына арналған экологиялық талаптарға, өрт қауiпсiздiгi нормаларына, ережелерiне сәйкес келетiн мұнай өнiмдерiн сақтауға, өткiзуге қауiпсiз жағдайлар жасауға, жанар-жағар май материалдарын пайдаланушы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, мұнай өнiмдерiнiң сапасын және мұнай өнiмдерiне байланысты жасалатын операциялардан салықтардың толық ұстауын бақылауға игi ықпал етедi.
Тармақша 1.2
1.2. Осы тәртiптiң орындалуы Алматы қаласының аумағында мұнай өнiмдерiн жеткiзiп берудi жүзеге асырушы, оларды көтерме бөлшек сауда жүйесi арқылы өткiзушi, сондай-ақ көлiктiң кез-келген түрiмен мұнай өнiмдерiн тасымалдаушы барлық заңды ұйымдар және жеке адамдар үшiн мiндеттi.
Тармақша 1.3
1.3. Алматы қаласы үшін отындарға арналған "CLEAN DASH CONS" қосалқы құрал негiзiндегi сұйық концентратты қоспай-ақ экологиялық талаптарға және белгiленген стандартқа сәйкес келмейтiн мұнай өнiмдерiн әкелуге, өткiзуге, пайдалануға тыйым салынады.
📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 13.05.1999 N 438 шешімімен .
Тармақша 1.4
1.4. Мұнай өнiмдерiн әкелетiн, өткiзетiн, пайданалатын заңды ұйымдар, жеке адамдар қолданылып жүрген заңдар арқылы осы қызметтi реттейтiн нормаларды, Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды бiрқалыпты ұстау жөнiндегi талаптарды, техникалық, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Тарау ii. II. Мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу, пайдалану тәртiбi
II. Мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу, пайдалану тәртiбi
Тармақша 2.1
2.1. Мұнай өнiмдерi бойынша жасалатын барлық мәмiлелер сатып алу-сату (жеткiзiп беру) шарттарымен хатталуы, тиiстi мемлекеттiк лицензиясы бар, мұнай өнiмдерiмен көтерме сауда қызметiн ұйымдастырып, реттейтiн және ҚР Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi "Товар биржалары туралы" Заң күшi бар N 2170 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi "Товар биржаларының Тiзбесiн бекiту туралы" N 1035 Қаулысы, ҚР Премьер-министрiнiң N 115-ө өкiмi арқылы белгiленген тәртiпке сәйкес iс-әрекет ететiн товар биржаларында тiркелуi тиiс.
Тармақша 2.2
2.2. Мұнай өнiмдерiн темiр жол цистерналарына құйып, тасымалдау арнайы жабдықталған терминалдарда және тиiстi талаптарға сай келетiн темiр жолдардағы кiрме жолдарда жүзеге асырылуы тиiс.
Тармақша 2.3
2.3. Әзiрлеушi завод берген сәйкестiлiк сертификаты бар болса ғана Алматы қаласының аумағына мұнай өнiмдерiн әкелуге рұқсат етiледi. Сертификаты болмаған жағдайда мұнай өнiмдерi уақытша сақтау қоймаларында (терминалдарда) сыналғанға дейiн күтiп ұсталады. Сақтау, сынаулар жүргiзу шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң есебiнен жүргiзiледi.
Тармақша 2.4
2.4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер әзiрлеушi завод берген сәйкестiлiк сертификаты және мұнай өнiмдерiнiң әрбiр бөлiгiнiң тiркелген конкурста жеңiске жеткен, тәуелсiз лабораторияда сыналғаны туралы хаттамасы бар болса ғана мұнай өнiмдерiн өткiзуге құқылы отындарға арналған "CLEAN DASH CONS" қосалқы құрал негiзiндегi сұйық концентрат мұнай өнiмдерiнiң құрамында бар болса.
📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 13.05.1999 № 438 шешімімен .
Тармақша 2.5
2.5. Мұнай өнiмдерiнiң сапасын тексеру мақсатында тиiстi бақылау қызметтерiнiң қызметкерлерiнiң, Ведомствоаралық комиссияның өкiлеттi адамдарының субъектiлер қажеттi құжаттарды, сынамаларды кедергiсiз ұсынуға мiндеттi.
Тармақша 2.6
2.6. Тiркелген, тәуелсiз лабораторияда сынау жүргiзу және товар биржасында тiркелуге байланысты шығындарды төлеу шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жүктеледi.
Тармақша 2.7
2.7. Жылжымалы автомобильдерге жанармай құю станцияларынан, сұйық отын таситын машиналардан мұнай өнiмдерiн қала аумағында өткiзуге тыйым салынады.
Тармақша 2.8
2.8. Мұнай өнiмдерiн босатуға, сақтауға және өткiзуге жауапты адамдар тұрақты, контейнерлiк жанармай құю станцияларын техникалық пайдалану және өрт қауiпсiздiгi ережелерi, жанар-жағар май материалдарын қабылдау, сақтау және босату ережелерi бойынша оқылып, жұмысқа жiберуге рұқсат беретiн тиiстi куәлiк алуға мiндеттi.
Тарау iii. III. Автомобильдерге жанармай құю станцияларының қызметiн
бастаудың және оған бақылау жасаудың тәртiбi
III. Автомобильдерге жанармай құю станцияларының қызметiн
бастаудың және оған бақылау жасаудың тәртiбi
Тармақша 3.1
3.1. Шаруашылық жүргiзушi субъект автомобильдерге жанармай құю станциясын (АЖС) ашуы және iске қосу үшiн мынадай құжаттарды әзiрлетуi қажет:
- Алматы қаласы әкiмiнен АЖС-н ашуға рұқсат алғаны және оған жер учаскесiнiң бөлiнгенi туралы құжаттар;
- жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау және бекiту;
- тiркелген, конкурста жеңiске жеткен тәуелсiз лабораториямен түсетiн мұнай өнiмдерiнiң әрбiр бөлiгiнiң зерттеуден (тексеруден) өткiзiлгенi туралы шарт;
- жанармай құю станциясының iске қосылғаны туралы актi.
Тармақша 3.2
3.2. АЖС-н iске қосу жөнiндегi актiге мемлекеттiк өрттен қорғау, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияның, стандарттарды және өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау мекемесiнiң, көлiк инспекциясының өкiлдерi қол қояды және оны Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары - ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары бекiтедi.
Тармақша 3.3
3.3. ЖЖМ қызметi ведомствоаралық комиссияның берген куәлiгiмен ғана жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 21.05.1999 № 457 шешімімен .
Тармақша 3.4
3.4. Қоршаған ортаны қорғау талабын бұзғаны үшiн ГОСТ СНИТ-тi, "Техникалық пайдалану және өрт қауiпсiздiгi ережесiн" бұзғаны үшiн, оның иесiне ҚР КОАП-на сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiк жүктеледi және Ведомствоаралық комиссияның»куәлiгi одан алынады. Куәлiктi қайталап беру аталған тәртiп бұзушылықты жойғаннан кейiн берiледi.
📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 21.05.1999 № 457 шешімімен .
Тармақша 3.5
3.5. Куәлiк мынадай жағдайларда қайта ресiмдеуге жатады: - ЖЖМ тетiктерi мен бақылау-өлшеу жабдықтарын алмастырғанда; - жағар және жанармайларды тарату түтiкшесiн ауыстырғанда; - мұнай өнiмдерiн сақтау үшiн резервуарлар көлемiн алмастырғанда; - ЖЖМ иесiн ауыстырғанда.
📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 21.05.1999 № 457 шешімімен .
Тарау iv. IV. АЖС-нда мұнай өнiмдерiн қабылдаудың, сақтаудың және
өткiзудiң тәртiбi
IV. АЖС-нда мұнай өнiмдерiн қабылдаудың, сақтаудың және
өткiзудiң тәртiбi
Тармақша 4.1
4.1. АЖС-на автоцистерналар, сұйық отын таситын машиналар арқылы жеткiзiлетiн мұнай өнiмдерiн АЖС-ның иесi немесе ол өкiлеттiк берген адам (оператор) товар-көлiк накладнойы және сәйкестiк сертификаты бойынша қабылдайды.
Тармақша 4.2
4.2. Мұнай өнiмдерiн жанармай құю станциясының шүмектемесiне құяр алдында оның иесi немесе оператор автомобиль цистернасының май құйғыш шүмегiнiң дұрыстығын тексеруi мiндеттi, су құрамын анықтайды, автоцистернадан мұнай өнiмiнiң құрамын тексередi, оның қоюлығын, нақты температурасын және түсiн, тұнықтығын, оның құрамындағы су мен әртүрлi қоспасын анықтап, осы жайлы есеп пен сапа журналына келiп түскен мұнай өнiмдерiнiң сапасын белгiлейдi.
Тармақша 4.3
4.3. Мұнай өнiмдерiн сапасын сақтау үшiн АЗС мiндетi:
- мұнай өнiмдерiнiң құйылатын және тазаланатын шүмектемесiнiң дұрыстығы мен тазалығын жанармай мен май тарату шүмегiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
- шүмектемеге судың тиiп кетпеуiн қадағалайды;
- автоцистерналардың шүмегiнен мұнай өнiмдерi сүзбе арқылы еркiн немесе қысыммен құйылуы тиiс.
Тармақша 4.4
4.4. АЗС иесi ГОСТ талабына сәйкес металл шүмектеменi тазалап оны құжатпен куәландырады:
- майлар үшiн жылына екi рет;
- автомобиль бензиндерi мен дизельдi жанармайлар үшiн екi жылда бiр рет.
Тармақша 4.5
4.5. АЗС-тегi мұнай өнiмдерiнiң сапасы ГОСТ талабына сәйкес айына бiр рет мұнай өнiмдерiн қабылдау-тапсыру кезiндегi көлемде тексерiледi. АЗС-қа келiп түскен автоцистерналардың мұнай өнiмдерiне уақытылы тексеру жүргiзу және АЗС жiберген мұнай өнiмiнiң сапасына АЗС иесi жауап бередi.
Тарау v. V. Жауапкершiлiк
V. Жауапкершiлiк
Тармақша 5.1
5.1. Егер де алып келiнген, сатылатын және пайдаланылатын мұнай өнiмдерiнiң Алматы қаласының экологиялық талабына, ГОСТ талабына, өрт қауiпсiздiгi талабына және сапа сертификатына сәйкес келмесе онда олар тиiстi комиссияның Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 P951891_ "Өнiмдер мен тауарлардың, оларды сатуға және пайдалануға жарамсыз деп таныған жағдайда жою немесе бұдан әрi қайта өңдеу жөнiндегi тәртiптi бекiту туралы" Қаулысына сәйкес шешiмiмен олар жоюға немесе қайта өңдеуге жатады.
Тармақша 5.2
5.2. Өкiлеттi адамдарға тауар биржасында тiркелмеген мұнай өнiмдерiн тауып, оларды тексеруге тосқауыл қойылса, онда олар тиiстi шешiм қабылдағанша мұнай өнiмдерiн сату және пайдалануды тоқтатуға құқығы бар.
Тармақша 5.3
5.3. Бақылау жасаушы органның осы тәртiп талабын шаруашылық субъектiсi бұзған кезде ведомствоаралық комиссия мәселелердi қарайды немесе тиiстi органға белгiленген заңдар тәртiбiмен жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш бiлдiредi.
Тармақша 5.4
5.4. Осы тәртiптiң шартын бұзу өкiлеттi адамдармен, сондай-ақ нақты құжат көрсеткiшi негiзiнде анықталуы мүмкiн.
Басқа 41
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 жылғы 7 қазандағы
№ 966 шешiмiне
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы
Әкiмiнiң аппараты
Алматы қаласына әкелiнетiн мұнай
өнiмдерiнiң өткiзiлуiн және пайдаланылуын
бақылауды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
____________________________________________________________________
(шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң, филиалдың)
____________________________________________________________________
(толық аталуы, заңды мекен-жайы, телефон)
__________________________________________________________ берiлдi.
(иесiнiң тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi, СТН)
себебi
оған
ведомствоаралық комиссияның жұмыс тобы арқылы 199___жылғы "___" _____________________ тексеру жүргiзiлдi және аталған АЖС-ның қолданылып жүрген Мемлекеттiк стандартқа ҚНЖЕ-не, техникалық пайдалану және өрт қауiпсiздiгi ережесiне сәйкестiгi расталады.
Куәлiктiң қолданылуының айрықша шарттары: Куәлiктiң иесi салық туралы заңдардың талаптарын, "Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелудiң, өткiзудiң және пайдаланудың тәртiбiн", технологиялық, өрт қауiпсiздiгi, санитарлық, экологиялық нормалар мен ережелердi орындауға, салықтар мен мiндеттi төлемдердi уақытылы төлеуге мiндеттi, оның әкелетiн мұнай өнiмдерiне арналған сәйкестiлiк сертификаттары және сыналғаны туралы хаттамасы болуы тиiс.
Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия хатшысы
Берiлген мерзiмi 199____ жылғы "____"____________
Басқа 42
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 жылғы 7 қазандағы
№ 966 шешiмiне
№ 3 қосымша
Автожанармай құю станцияларына талап
Автожанармай құю станциялары "Стационарлы контейнерлi және жылжымалы автожанармай станциялар тәртiбi" РД-112-002-94 ережесiне сәйкес қажеттi жабдықтармен, өлшеуiш приборлармен қамтамасыз етiлуi тиiс. Автожанармай құю станциясының иесi Қазақстан Республикасы Мемқалатехбақылау 1996 жылғы 25 қазанда бекiткен "Стационарлы контейнерлi және жылжымалы автожанармай станциялар тәртiбi" ережесiнiң талабын орындауға мiндеттi.
Бұған қоса автожанармай құю станциясында мынадай құжаттар болуы тиiс:
- автожанармай құю станциясының "Стационарлы контейнерлi және жылжымалы автожанармай станциялар тәртiбi" ережесi, ГОСТ, СНИП, СЭС нормасына және өрт қауiпсiздiгi ережесi талаптарына сай пайдалану актi мен куәлiгi болуы тиiс;
- автожанармай құю станциясының техникалық пайдалану тәртiбi;
- қауiпсiздiк техникасы мен өрт қауiпсiздiгi туралы нұсқаулық;
- АЗС операторлары үшiн мұнай өнiмдерiн жiберу аппаратымен жұмыс жөнiндегi нұсқаулық;
- жабдық, мүкәммал және мүлiк есебiнiң журналы;
- АЗС қызметкерiнiң қызметтiк нұсқаулығы;
- АЗС лауазымды қызметкерлердiң тексеру және бөлу журналы;
- АЗС өлшеуiш құралдарымен жабдықтау табелi;
- әзiрлеушi-зауыттың әрбiр алынған және сатылған ЖЖМ өнiмiне сәйкестiгiнiң сертификаты;
- мемлекеттiк лицензиясы бар тауар биржасында мұнай өнiмдерiн тiркеу туралы құжат;
- әрбiр алынған және сатылған ЖЖМ өнiмiне сынақ хаттамасы;
- фискальдық зерделi кассалық аппараты;
- мемлекеттiк стандарттау органдарындағы өлшеуiш жабдықтарын тексеру мұнай өнiмдерiн тiркеу журналы;
- келiп түскен мұнай өнiмдерiн тiркеу журналы;
- мұнай өнiмдерiнiң сапасын тiркеу журналы;
- сатылатын мұнай өнiмдерiнiң сандық сипаттамасын, зерттеу өткiзу күнi көрсетiлген ақпараттық көрсеткiш немесе зерттеу өткiзген хаттама тақтамасы.