Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений

Бұйрық · № 1416 · қабылданған 25.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137645/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений Қолданыста Бұйрық ·№ 1416 ·25.12.2019
13.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений

Қолданыста Бұйрық ·№ 1416 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1416
Қабылданған күні
25.12.2019
Көрсетілген редакция
13.02.2023 137645_620903.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G1900001416
ЭКБ идентификаторы
137645
Редакция идентификаторы
137645_620903
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:03

0

Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;

2

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдары басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрі
___________ Б. Нұрымбетов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________Ә. Смайылов

1 Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы «__»____№___
және Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрінің
2019 жылғы «__»____№____
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалардың шеңберінде мемлекеттік органдар арасында мәліметтермен алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жатпайды.

Осы Қағидалардың шеңберінде мемлекеттік органдар арасында мәліметтермен алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ол кезде азаматтарға заңдық маңызы бар фактілерді растайтын құжаттардың ең аз санын ұсыну қажет қағаз құжат айналымын болдырмауды (азайтуды) қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1 1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешу үшін көзделген, техникалық құжаттамалар мен персоналдар қызмет көрсететін ақпараттық-коммуникациялық технологияның ұйымдастыру реттеу кешені;

2 2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;

3

4

2 2-тарау. Ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі

3 3. Салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерге қол жеткізу лауазымдық тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің деректер қоры мен ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ұсынады.

4 4. Қазақстан Республикасының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимыл процесі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Жаңарту мерзімі Online/нақты уақыт режимі.

Ақпараттық өзара іс-қимылды және өзектендіруді Online режимінде техникалық іске асырғанға дейін мәліметтерді ұсыну сұрау салудың негізінде алу түрінде жүзеге асырылатын болады.

5 5. Ақпараттық жүйелердің меншік иелері олардың ақпараттық жүйелеріне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

6 6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым иелері деректерді жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету

7

7. Салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерге қолжетімділік «Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отырудың және оларға қол жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық тіркеу тізілімінде № 13371 тіркелген) Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отыру және оларға қол жеткізу қағидаларына сәйкес рұқсат етіледі.

8 8. Салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де осындай мәліметтерге қол жеткізе алатын адамдар жария етуге жатпайды.

2 Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416
және Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі

Са­лық­тық құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер ата­уы
1.
Бюд­жет­пен есеп ай­ы­ры­су­лар, сон­дай-ақ әле­умет­тік тө­лем­дер бой­ын­ша (са­лық тө­леу ші­нің дер­бес шо­ты­нан кө­шір­ме үзін­ді) жағ­дайы
2.
Са­лық аген­ті аудар­ған же­ке та­быс са­лы­ғы­ның со­ма­сы және ке­зең­дер бой­ын­ша жұ­мыс­кер­лер са­ны (жар­ты­жыл­дық, жыл)
3.
Да­ра кә­сіп­кер­лер және же­ке прак­ти­ка­мен ай­на­лы­са­тын адам­дар­дың са­лық ке­зең ішін­де­гі жыл­дық жиын­тық кі­рі­сі/(тү­зе­ту­лер­ді ес­ке­ре оты­рып) кі­рі­стер со­ма­сы
4.
Са­лық аген­ті же­ке тұл­ға­ға ке­зең­дер (тоқ­сан, жар­ты­жыл­дық, жыл) бой­ын­ша есеп­те­ген та­быст­ар­дың со­ма­сы
5.
Ке­зең­дер (тоқ­сан, жар­ты­жыл­дық, жыл) бой­ын­ша же­ке тұл­ға­ға са­лық аген­ті есеп­те­ген же­ке та­быс са­лы­ғы­ның со­ма­сы
6.
Са­лық аген­ті же­ке тұл­ға­ға ке­зең­дер (тоқ­сан, жар­ты­жыл­дық, жыл) бой­ын­ша есеп­те­ген мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­сы­ның со­ма­сы
7.
Са­лық аген­ті же­ке тұл­ға­ға ке­зең­дер (тоқ­сан, жар­ты­жыл­дық, жыл) бой­ын­ша есеп­те­ген әле­умет­тік ауда­рым­дар со­ма­сы
8.
Са­лық аген­ті же­ке тұл­ға­ға ке­зең­дер (тоқ­сан, жар­ты­жыл­дық, жыл) бой­ын­ша есеп­те­ген мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға ауда­рым­дар со­ма­сы
9.
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстарының сомалары
10.
Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органы туралы мәліметтер

Қолданыстағы