Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Институт ботаники и фитоинтродукции» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 951 · қабылданған 20.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137715/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Институт ботаники и фитоинтродукции» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 951 ·20.12.2019
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Институт ботаники и фитоинтродукции» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 951 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Институт ботаники и фитоинтродукции» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
951
Қабылданған күні
20.12.2019
Көрсетілген редакция
19.08.2022 137715_592699.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000951
ЭКБ идентификаторы
137715
Редакция идентификаторы
137715_592699
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:13

0 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбiр мәселелерi туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(бұдан әрі – институт) болып қайта аталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті институтқа қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) институттың жарғысына енгізілетін өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында институттың мемлекеттік қайта тіркелуін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

6

2 2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы

21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2006 ж., № 27, 290-құжат):
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
мына:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 16-6-жол алып тасталсын.

3

4 4. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы

26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Алматы облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
35
Іле ботаникалық бағы
65
Балқаш ауданы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
»;
«Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
38
Бас ботаникалық бақ (Ботаника және фитоинтродукция институты)
104
Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
»;
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөліммен толықтырылсын;
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлім мынадай редакциядағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:
«
38-1
Астана ботаникалық бағы
46,3
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
»;
«Қарағанды облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
72
Жезқазған ботаникалық бағы
62
Жезқазған қаласы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
».

5 5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі

№ 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі»;
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Республикалық мемлекеттік мекемелер»;
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген кіші бөлім:
мынадай редакциядағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
«11. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.».

Қолданыстағы