Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил содержания собак и кошек на территории города Сарани и поселка Актас

Ереже · № 324 · қабылданған 27.11.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13773/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил содержания собак и кошек на территории города Сарани и поселка Актас Күшін жойған Ереже ·№ 324 ·27.11.2002
08.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил содержания собак и кошек на территории города Сарани и поселка Актас

Күшін жойған Ереже ·№ 324 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил содержания собак и кошек на территории города Сарани и поселка Актас
Атауы (қаз.)
Саран қаласы және Ақтас поселкесi аумағында ит және мысық ұстау қағидасын бекiту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
324
Қабылданған күні
27.11.2002
Көрсетілген редакция
08.10.2009 13773_200395.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02KG001021
ЭКБ идентификаторы
13773
Редакция идентификаторы
13773_200395
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:42

0 Саран қаласы және Ақтас поселкесi аумағында ит және мысық ұстау қағидасын бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 18 сессиясының 2009.08.10 N 315
шешімімен.
2001 жылғы қаңтардың 23-гi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Саран қаласы және Ақтас поселкесiнiң санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында:
Саран қалалық Мәслихаты шештi:

1 1. Саран қаласы және Ақтас поселкесiнiң аумағында ит және мысық ұстау қағидасы бекiтiлсiн. 1 қосымша.

2 2. Саран қаласының әкiмi ит қыдыртатын арнайы орындар белгiлесiн.

3 3. Осы негiзгi қағида қала тұрғындарына, барлық нысана түрiндегi меншiктiң заңды тұлғаларына назарына жеткiзiлсiн.

4 4. Осы негiзгi шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М.А. Смағұловқа және табиғи қорды тиiмдi пайдалану, және қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтiк-экономикалық дамуының заңдылығы мәселелерi жөнiндегi комиссияға (В.А. Закомолкин) жүктелсiн.

5 5. Осы шешiмi Әдiлет органдарында тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

6 2002 жылғы 27 қарашадағы

N 324 шешiмiне
N 1 қосымша
Саран қаласы және Ақтас поселкесi аумағында ит пен мысық ұстауқағидасы
2001 жылғы қаңтардың 23-гi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, 1994 жылғы шiлденiң 8-гi "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңына, 2002 жылғы шiлденiң 10-ғы "Ветеринария туралы" Заңын орындау үшiн және қала мен поселкалардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында келесi қағидалар талданып, бекiтiлдi.
Осы қағидалар ит және мысық ұстайтын азаматтарға, ұжымдарға, барлық нысана түрiнде қарамастан мекемелер мен кәсiпорындарға таратылады.

1 1 БӨЛIМ. Ит және мысық иелерiнiң мiндеттерi.

1 1. Ит және мысық иелерiнiң мiндеттерi:

1 1) үй хайуанаттарын олардың биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес асырауға, адамгершiлiк қарым-қатынас жасауға, қадағалаусыз қалдырмауға, ал ауырған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге;

2 2) хайуанаттарды ұстау қағидасын және санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға, көпшiлiк орындарды ластатпауға;

3 3) мемлекеттiк ветеринарлық мекемелердiң мамандарының талаптарына сай хайуанаттарды тексеруге, диагностикалық зерттеуге және емдеу-сақтандыру шараларына әкелуге;

4 4) қоршаған адамдар мен хайуанаттардың қауiпсiздiгi мен тыныштығын сақтауға қажеттi шаралар қабылдауға;

5 5) асырау мүмкiн болмаған жағдайда хайуанатты басқа адамға беруге, немесе ветеринарлық мекемеге тапсыруға;

6 6) хайуанат адамды немесе басқа бiр хайуанатты қауып алған жағдайда иесi жақын жердегi медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлауға мiндеттi, ветеринарлық мамандар бақылауымен карантинге алуы және тексеруi үшiн мемлекеттiк ветеринарлық емханаға алып келуi тиiстi;

7 7) меншiк үй аймағында күзетiлетiн объектiлерде ит ұстаған жағдайда иесi хайуанатты қоршаудың сыртына шығармауды қарастыруға мiндеттi;

8 8) күзет иттерiмен әр түрлi аумағында, объектiлердi күзеткен жағдайда ескерту орнатуға мiндеттi.

2 2 БӨЛIМ. Хайуанаттар иесiнiң құқықтары.

1. Кез келген хайуанат (ит, мысық) иесiнiң меншiгi болып табылады және кез келген меншiк түрi сияқты заңмен қорғалады.

3 3 БӨЛIМ. Ит және мысықтарды ұстау.

1 1. Рұқсат етiледi:

1 1) хайуанаттарды тұрғын жайда, оның iшiнде пәтерлерде ұстауға;

2 2) иттердi көшеге, аулаға немесе басқа қоғамдық орындарға қысқа жiппен жетектеп және томаға кигiзiп шығаруға;

3 3) жолаушыларды мазаламау шарттарын сақтаған жағдайда, иттерге тек томаға кигiзiп қоғамдық көлiктерде тасымалдауға;

4 4) иттi жетексiз арнайы осы мақсатқа бөлiнген орындарда ғана қыдыртуға.

2 2. Тыйым салынады:

1 1) 14 жасқа дейiнгi балаларға және мас күйiндегi азаматтарға ит қыдыртуға және итпен қоғамдық орындарға, көпшiлiк демалатын орындарға, саябақтарға, гүлзараларға келуге;

2 2) хайуанаттарды жалпы пайдаланатын орындарда, подъездерге, баспалдақ алаңдарында, шатырда, жалпы қоралар мен гараждарда және балкондар мен лоджияларда ұстауға;

3 3) хайуанаттарға подъезддердi, баспалдақ алаңдарын, спорт және балалар алаңдарын, көгалдарды, тротуарларды, парк және гүлзар аймақтарын ластатуға. Егер хайуанат бұл орындарда нәжiс қалдырса, оны (хайуанат) иесi тазартуы тиiс;

4 4) ит таластарын өткiзуге;

5 5) ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына сауда залдарына және азық-түлiк дүкендерiнiң өндiрiстiк бөлмелерiне, мемлекеттiк мекемелерге ұстауға немесе жетектеп әкелуге;

6 6) хайуанаттарды өзендер және суаттарға шомылдыруға.

3 3. Дүкендердiң, емханалардың, дәрiханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының және қоғамдық орындардың алдында байлағандардан басқа, қоғамдық орындарда ешкiмнiң жетегiнсiз жүрген иттер мен мысықтар қадағалаусыз деп саналады және арнайы қызмет органдарымен ауланады.

4 4. Тұрғын үйлердiң маңайында хайуанаттарды қыдыртқанда иесi тыныштық сақтауы тиiс.

5 5. Көшенi қиып өткенде және магистральға жақындағанда жол-көлiк апатынан сақтану үшiн иесi иттi қысқа жiппен жетектеп жүруi тиiс.

6 6. Хайуанаттар өлген жағдайда мал қорымы аумағына ғана жерлеуге рұқсат етiледi. Мүрденi лақтыруға немесе қала аумағында көмуге тыйым салынады.

4 4 БӨЛIМ. Осы қағидаларды сақтамаған ит пен мысық иелерiнiң жауапкершiлiгi.

1. Осы қағидаларды сақтамаған ит пен мысық иелерi Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексiне сәйкес жауапқа тартылады.

Қолданыстағы