О создании отдела транспорта и инженерных коммуникаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании отдела транспорта и инженерных коммуникаций
- Атауы (қаз.)
- Көлік және инженерлік коммуникациялар бөлімін құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 498
- Қабылданған күні
- 12.04.1998
- Көрсетілген редакция
- 12.04.1998 1378_255769.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000021
- ЭКБ идентификаторы
- 1378
- Редакция идентификаторы
- 1378_255769
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:45
0 Көлік және инженерлік коммуникациялар
бөлімін құру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Жолаушы және жүк тасушы көлiк кәсiпорындары мен ұйымдардың,
телерадиокоммуникацияның, автомобиль жолдарының жұмысын басқаруды,
үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн
ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аймақта
құрылыс салу басқармасының құрамында 3 бiрлiк санында көлiк және
инженерлiк коммуникация бөлiмi құрылсын.
2. Құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аймақта құрылыс салу
басқармасының жалпы саны лимиттi 3 бiрлiкке көбейтiлiп, штаттық кестесi
бекiтiлсiн (қосымша берiлуде).
3. Құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аймақта құрылыс салу
басқармасына ақша қаражаттары облыс әкiмiнiң резервтiк қорынан 380,0
мың теңгеге көбейтiлсiн.
4. Шығыс Қазақстан облыстық қаражат басқармасы атқарушы органдар
қызметкерлерiнiң саны лимитiне және облыс бюджетiне тиiстi өзгерiстер
енгiзсiн.
5 Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аймақта құрылыс салу басқармасының 1998 жылғы штаттық кестесі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің 1998 жылғы
13 cәуірдегі N 498
шешімге қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, тұрғын үй,
сәулет және аймақта құрылыс салу
басқармасының 1998 жылғы штаттық кестесі
Облыс әкімі
аппаратының басшысы
Т.Ибраев