Об утверждении проверочного листа в сфере судебно-экспертной деятельности, в том числе судебно-медицинской, судебно-наркологической и судебно-психиатрической экспертиз
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении проверочного листа в сфере судебно-экспертной деятельности, в том числе судебно-медицинской, судебно-наркологической и судебно-психиатрической экспертиз
- Атауы (қаз.)
- Сот-сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар саласындағы тексеру парағын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 628
- Қабылданған күні
- 27.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2019 137825_524527.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019805
- ЭКБ идентификаторы
- 137825
- Редакция идентификаторы
- 137825_524527
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:53
0 Сот-сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар
саласындағы тексеру парағын бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот-сараптама қызметі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
0 Сот сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы
__________________және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы ___________________
бірлескен бұйрығына
қосымша
Сот сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар саласындағы тексеру парағы
Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын тұлғалардың
қызметіне қатысты ___________________________________________________
(бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісін жоспардан тыс тексеруді/бақылауды тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы____________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1.
Қазақстан Республикасының азаматтығының бар болуы
2.
Жоғары білімінің болуы
3.
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы және/немесе сот – медициналық, сот – психиатриялық және сот – наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының болуы
4.
Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандығы бойынша немесе сот сараптамасы органдарында (сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық) сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі
5.
Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы
Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _____________________________________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)