Об утверждении Перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза
- Атауы (қаз.)
- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 414
- Қабылданған күні
- 13.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2020 137826_454519.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019806
- ЭКБ идентификаторы
- 137826
- Редакция идентификаторы
- 137826_454519
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:20
0 Еуразиялық экономикалық одақтың
кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге
Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін
бекіту туралы
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 61-бабына және 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы хаттамаға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы хабарлауды;
2 2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және алты ай бойы қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы ___ ________ № ____
бұйрығымен бекітілген
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды *
Позиция атауы
2710 12 110 1 – 2710 12 310 0
2710 12 700 0 – 2710 12 900 8
жеңіл дистилляттар
2710 19 110 0 – 2710 19 460 0
авиакеросиндер және дизель отыны
2710 20 110 0 – 2710 20 190 0
газойлдар
2902 30 000 0
2902 41 000 0
2902 42 000 0
2902 44 000 0
толуол, ксилолдар
* Ескертпе: Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Позиция атауы пайдалану қолайлылығы үшін ғана берілген.