Құжат мәтініне өту

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султан

Қаулы · № 474/60-VI · қабылданған 25.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137829/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султан Қолданыста Қаулы ·№ 474/60-VI ·25.12.2019
25.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султан

Қолданыста Қаулы ·№ 474/60-VI · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султан
Атауы (қаз.)
Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
474/60-VI
Қабылданған күні
25.12.2019
Көрсетілген редакция
25.12.2019 137829_438528.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19A0001253
ЭКБ идентификаторы
137829
Редакция идентификаторы
137829_438528
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:02

0 Нұр-Сұлтан қаласының

кейбір құрамдас бөліктеріне
атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 қазандағы және 2019 жылғы 14 қарашадағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мыналарға:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А19 көшеге – Райымбек батыр көшесі;
жобалық атауы А34 көшеге – Анатолий Храпатый көшесі;
жобалық атауы № 237 көшеге – Фазыл Кәрібжанов көшесі;
жобалық атауы № 198 көшеге – Бәйдібек Қарашаұлы көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:
Абай даңғылы мен Әлмұқан Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан атаусыз аллеяға – «Қаламгерлер аллеясы»;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 28 көшеге – Әбіш Кекілбайұлы көшесі;
жобалық атауы № 29 көшеге – Фариза Оңғарсынова көшесі;
жобалық атауы Е356 көшеге – Қасым Қайсенов көшесі;
жобалық атауы Е246 көшеге – Мақсұт Нәрікбаев көшесі;
жобалық атауы Е49 көшеге – Әбікен Бектұров көшесі;
жобалық атауы № Е51көшеге – Төле би көшесі;
жобалық атауы № Е102 көшеге – Қазыбек би көшесі;
жобалық атауы № Е32 көшеге – Әйтеке би көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 167 көшеге – Қараменде би Шақаұлы көшесі атауы берілсін.

2 2. Мыналар:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
Сарыкөл және № 23-8 көшелерін біріктіріп, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» және «Байқоңыр» аудандары бойынша:
Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелерін біріктіріп Әл-Фараби даңғылы;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
«Арай» саябағы – «Жетісу» саябағы деп қайта аталсын.

3 3. Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының және шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3 3) осы қаулының және шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік

тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
_______________ А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
________________ А. Табулдина
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы
_______________ М. Шайдаров

Қолданыстағы