Вопросы местных органов военного управления Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы местных органов военного управления Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы жергiлiктi әскери басқару органдарының мәселелерi
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1320
- Қабылданған күні
- 18.12.2002
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2014 AI13784_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001320_
- ЭКБ идентификаторы
- 13784
- Редакция идентификаторы
- AI13784_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:39
0 Қазақстан Республикасы жергiлiктi әскери басқару органдарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң мынадай мемлекеттiк мекемелерi қайта ұйымдастырылсын:
1 1) бөлу жолымен:
"Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының әскери комиссариаты" "Ақмола облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне және "Көкшетау қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне;
"Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының әскери комиссариаты" "Қызылорда облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне және "Қызылорда қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне;
"Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының әскери комиссариаты" "Маңғыстау облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне және "Ақтау қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне;
"Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты" "Алматы облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне және "Алматы қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне;
2 2) бөлiп шығару жолымен:
"Астана қаласының әскери комиссариатынан" "Астана қаласының Алматы аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi және "Астана қаласының Сарыарқа аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi;
"Cәтпаев қалалық әскери комиссариатынан" "Қарағанды облысының Ұлытау аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi.