О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 562
- Қабылданған күні
- 31.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2019 137919_435781.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019830
- ЭКБ идентификаторы
- 137919
- Редакция идентификаторы
- 137919_435781
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:42
0 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «_____» _________
№ ____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
1 1) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
14 наурыздағы № 114 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15080 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электронды түрде жарияланған);
2
2) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 242 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15275 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электронды түрде жарияланған);
3 3) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
14 наурыздағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 10 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16353 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электронды түрде жарияланған);
4
4) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
2 сәуірдегі № 128 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16807 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электронды түрде жарияланған).