Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Каргалинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Каргалинскому району
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 237
- Қабылданған күні
- 31.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2021 137922_512676.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CF006645
- ЭКБ идентификаторы
- 137922
- Редакция идентификаторы
- 137922_512676
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:43
0 Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағы 8-1) тармақшасына, 62 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 360 «Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6023 тіркелген, 2019 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
3 3. «Қарғалы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Төлегеновке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қарғалы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 237 қаулысымен бекітілген
Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (кенті, ауыл)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1
Қосестек ауылы
Қарғалы ауданының «Қос Естек ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балауса» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
80
37200
350
2
Степное ауылы
Қарғалы ауданы «Степной ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
40
37200
350
3
Бадамша ауылы
Қарғалы ауданының
«Бадамша ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Айгөлек»
бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
172
37200
450
4
Бадамша ауылы
Қарғалы ауданының «Бадамша ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» мектепке дейінгі ұйымы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
85
37200
450
5
Петропавл ауылы
Қарғалы ауданының «Желтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек»
бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
138
37200
400
6
Ш. Қалдаяқов ауылы
Қарғалы ауданының
«Желтау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек»
бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
100
37200
400