Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 296
- Қабылданған күні
- 30.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 137933_508975.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SF005781
- ЭКБ идентификаторы
- 137933
- Редакция идентификаторы
- 137933_508975
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:51
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабы 6) - тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31- бабы 1) - тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабы 7- тармағына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2
2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 62 қаулысы (2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрінде эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 296 қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
53
2 %
1