Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах

Өзге акт · № 66-3 · қабылданған 20.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137949/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах Күшін жойған Өзге акт ·№ 66-3 ·20.12.2019
31.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах

Күшін жойған Өзге акт ·№ 66-3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66-3
Қабылданған күні
20.12.2019
Қолданысқа енгізілген күні
19.01.2020
Көрсетілген редакция
31.12.2021 137949_555003.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GI004486
ЭКБ идентификаторы
137949
Редакция идентификаторы
137949_555003
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:14

0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін

әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт,
ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының
мамандарына отын сатып алу үшін көмек
беру туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергіліктік мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазастан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы» Заңының 6 бабына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. «Ауыдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 44-3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2666 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 маусымда № 63 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған).

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарысу аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

Сарысу аудандық мәслихатының
2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 66-3 шешіміне қосымша
Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2 2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

3 3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері

5 5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы