Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 377 · қабылданған 31.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137969/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 377 ·31.12.2019
05.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 377 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
377
Қабылданған күні
31.12.2019
Көрсетілген редакция
05.03.2021 137969_513603.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UQ005345
ЭКБ идентификаторы
137969
Редакция идентификаторы
137969_513603
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:43

0 Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2

2. Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы №69 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4917 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 06 наурыздағы «Келес келбеті» газетінде және 2019 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Келес ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Келес ауданының әкімі
2019 жылғы 31 желтоқсаны
№ 377
Келес ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « » _________
№__ қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
Квотаның мөлшері
(%)
Жұмыс орындарының саны
(адам)
1
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Абай» Келес аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
1385
4
55
2
«Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
70
2
1
3
Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
126
3
4
4
Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
201
3
6
5
Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№23 «1 Мамыр жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
3
3
6
Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
147
3
4
7
Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№35 А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
67
2
1
8
Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№9 «Көлтоған» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
106
3
3

Қолданыстағы