Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 543 · қабылданған 31.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137971/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 543 ·31.12.2019
08.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 543 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
543
Қабылданған күні
31.12.2019
Көрсетілген редакция
08.12.2020 137971_496689.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UL005348
ЭКБ идентификаторы
137971
Редакция идентификаторы
137971_496689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:43

0 Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына» сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2

2. Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуіріндегі №109 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5009 тіркелген, 2019 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2019 жылғы 31
желтоқсаны
№ 543

8 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Созақ ауданы әкімдігінің
2019 жылғы __желтоқсандағы
№___ қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
226
3
7
2
«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
141
3
4
3
«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
137
3
4
4
«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
136
3
4
5
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Созақ аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
981
4
39
Барлығы:
1621
58

Қолданыстағы