Құжат мәтініне өту

О создании архитектурно-градостроительного Совета области

Қаулы · № 272 · қабылданған 12.11.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13802/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании архитектурно-градостроительного Совета области Күшін жойған Қаулы ·№ 272 ·12.11.2002
27.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании архитектурно-градостроительного Совета области

Күшін жойған Қаулы ·№ 272 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании архитектурно-градостроительного Совета области
Атауы (қаз.)
Облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесiн құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
272
Қабылданған күні
12.11.2002
Көрсетілген редакция
27.03.2009 13802_209276.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02T0001220
ЭКБ идентификаторы
13802
Редакция идентификаторы
13802_209276
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:44

0 Облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесiн құру туралы

Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 № 62 қаулысымен. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан үзінді:
Атырау облыстық Әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
Қосымша 1 бетте.
АОӘД бастығы
Қосымша:
...
11) Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 272 "Облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесiн құру туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2002 жылғы 13 желтоқсанда N 1220 тіркелді)
...
Сәулет және қала құрылысының негiзгi мәселелерiн қарау үшiн, ғимараттар жобаларының сәулет-құрылысы құжаттарының сапасын бағалау, бөлiнген телiмдердiң объектiлердiң функционалдық бағытына сәйкестiгiн бақылау үшiн облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесi құрылсын.

2 2. Облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесi жөнiндегi ереже бекiтiлсiн (тiркеледi).

3 3. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 18 маусымдағы N№225 "Облыс сәулет-қала құрылысы Кеңесiн құру" туралы шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.К.Нокинге жүктелсiн.

5 Облыс әкiмиятының

2002 жылғы 12 қарашадағы
№ 272 қаулысымен бекiтiлдi
Облыстың сәулет-қала құрылысы Кеңесi туралы Ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Кеңес өз қызметін облыс әкімінің және Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің басшылығымен жүзеге асырады.

📌 Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - Атырау облыстық әкiмиятының 2005 жылғы 28 ақпандағы
N 81
қаулысымен.

2 2. Кеңес өзiнiң шығармашылық-өндiрiстiк қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнама мен осы ереженi басшылыққа алады.

3 3. Кеңес құрамында Қазақстан Республикасы шығармашылық одақтарының мүшелерi, сонымен қатар жұмыс процесiнде тартылуға қажеттi кәсiби қала құрылысшылары, сәулетшiлер, суретшi-әрлеушiлер, суретшiлер, инженерлер мен мамандар бола алады.

2 2. Кеңестiң мiндеттерi

4 4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады:

1 1) жобалау барысында бiртұтас қала құрылысы саясатын жүргiзу;

2 2) өндiрiске жаңа технологияны енгiзу мен компьютерлендiру;

3 3) жобалау жұмыстарының техникалық деңгейiн арттыру;

4 4) сәулет-қала құрылысы қызметтiң бiлiктiлiгiн арттыру мен алдыңғы қатарлы тәжiрибенi енгiзу.

3 3. Кеңестiң құқықтары

5 5. Кеңес өз құзыры шегiнде құқылы:

1 1) мөлтек аудандардың, аудандардың, сәулет-қала құрылысы тораптардың, қала құрылыс бағдарламалардың нобайлы жобаларын қарауға, келiсiм алуға, бекiтуге;

2 2) сәулет-қала құрылысы Кеңесi қабылдаған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасауға;

3 3) жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпаратты сұратуға;

4 4) әлеуметтiк-демографиялық мәселелердi шешуде ұсыныстар мен кепiлдемелер енгiзуге;

5 5) қаралатын мәселелер бойынша кепiлдеме түрiнде қажеттi шешiмдер қабылдауға;

6 6) өз отырыстарына мамандарды, отандық және шетелдiк кеңесшiлерiн шақыртуға;

7 7) жеке және заңды тұлғаларға қала құрылысы, сәулет және суретшiлiк-әрлеушiлiк мәселелер бойынша кеңестер беруге.

4 4. Жұмыстың ұйымдастырылуы

6 6. Кеңестiң құрамы облыс әкiмiнiң шешiмiмен облыстық мәслихаттың бекiтiлуiне ұсынылады.

7 7. ұйымдық құрылымы:

1 1) Кеңес төрағасы;

2 2) Кеңес төрағасының орынбасарлары;

3 3) Кеңес мүшелерi.

8 8. Кеңес төрағасы оның жұмысын басқарады, тиiстi органдармен байланыста жұмыс iстейдi, кеңес мүшелерi арасында мiндеттердi бөлiп бередi және олардың орындалуын жүйелi түрде бақылауды жүзеге асырады. Кеңес төрағасы болмаған кезде оның мiндетiн оның орынбасарларының бiрi атқарады.

9 9. Кеңес отырысы қажет болған жағдайларда оның мүшелерiнiң жартысынан кем емес бөлiгi қатысқанда өткiзiледi.

10 10. Кеңес шешiмдерi хаттама түрiнде ресiмделедi.

Қолданыстағы