Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Панфиловского района

Өзге акт · № 6-65-378 · қабылданған 27.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138068/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Панфиловского района Қолданыста Өзге акт ·№ 6-65-378 ·27.12.2019
27.12.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Панфиловского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 6-65-378 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Панфиловского района
Атауы (қаз.)
Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6-65-378
Қабылданған күні
27.12.2019
Көрсетілген редакция
27.12.2019 138068_437089.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19DP005382
ЭКБ идентификаторы
138068
Редакция идентификаторы
138068_437089
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:52

0

Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету
тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Панфилов аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 5-54-363 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3490 тіркелген, 2015 жылдың 23 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 5-54-364 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3491 тіркелген, 2015 жылдың 27 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт және жастар ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Панфилов аудандық мәслихатының

2019 жылғы «__» _______
№______ шешіміне қосымша
Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету
тәртібі және мөлшері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау(бұдан әрі әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

3 3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынған тізімдерін ауылдық әкімдіктерінің бекітуі арқылы өтініш талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті орган ұсынған тізімдеме бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы соманы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3 3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

5 5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

4 4. Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

6 6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

1 1) алушы қайтыс болғанда;

2 2) алушы Панфилов ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Қолданыстағы