Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 3 · қабылданған 24.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138080/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Өзге акт ·№ 3 ·24.12.2019
24.12.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Өзге акт ·№ 3 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
24.12.2019
Көрсетілген редакция
24.12.2019 138080_436215.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NGA08870
ЭКБ идентификаторы
138080
Редакция идентификаторы
138080_436215
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:09

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне инженерлік желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округі Аманқарағай ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 3,0259 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы