Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Тереңкөл

Өзге акт · № 3/53 · қабылданған 30.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138100/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Тереңкөл Қолданыста Өзге акт ·№ 3/53 ·30.12.2019
30.12.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Тереңкөл

Қолданыста Өзге акт ·№ 3/53 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Тереңкөл
Атауы (қаз.)
Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/53
Қабылданған күні
30.12.2019
Көрсетілген редакция
30.12.2019 138100_437179.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PH006707
ЭКБ идентификаторы
138100
Редакция идентификаторы
138100_437179
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:47

0

Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі «Качир ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы» № 4/33 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4089 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының бюджеттік саясаты мен экономикалық даму мәселелер жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

Тереңкөл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 30 желтоқсаны
№ 3/53 шешіміне қосымша
Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1

1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік колдау) Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган – «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3 3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы бекіткен тізім негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдауды төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың жеке (карточкалық) шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.

5 5. Отбасында екі және одан да көп маман тұрған жағдайда әлеуметтік қолдау осы адамдардың әрқайсысына жеке тағайындалады және төленеді.

6 6. Әлеуметтік қолдау мамандарға бюджеттік қаражат есебінен жылына бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы