Некоторые вопросы обеспечения безопасности дорожного движения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы обеспечения безопасности дорожного движения
- Атауы (қаз.)
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1329
- Қабылданған күні
- 19.12.2002
- Көрсетілген редакция
- 07.01.2015 AI13816_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001329_
- ЭКБ идентификаторы
- 13816
- Редакция идентификаторы
- AI13816_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:38
0 Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1
1. "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерiнде:
"Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерi" деген 2-бөлімнің 2.3.5-тармағындағы "Мемлекеттiк тергеу комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану" деген 19-бөлiмнiң 19.4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"19.4. Жол полициясында тiркелмейтiн автокөлiк құралдарын, жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының iшінде пайдаланылатын осы қожалықтардың автокөлiгiн, бетон және цемент тасушыларды қоспағанда, 22895-77 ГOCT бойынша М 2 , М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы көлiк құралдарының бүйір және артқы жақтарының контурлары СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ P 41.104-2001-ге сәйкес жарық қайтарғыш материалдармен таңбалануы тиiс";
2 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгі ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiнде:
8-тармақта:
сегiзiншi абзацтағы "тiк үшбұрыш түрiнде" деген сөздердің алдынан "ТУ-7100 РК 39044189-НПО-01-2001 талаптарына сай жарық қайтарғыш бетi бap" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "жарықтық қайтару үстіңгі бетiмен" деген сөздерден кейiн "СТ РК ГОСТ Р 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы "24333-80 ГОСТ-тың" деген сөздер "24333-97 ГОСТ-тың" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ТУ-7100 РК 39044189-НПО-01-2001 талаптарына сай, алдында және артында "Қауiптi жүк" белгiсi жоқ, қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.";
Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесiнде:
7.8-тармақ "болмауы" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"22895-77 ГOCT бойынша М 2 , М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы көлiк құралдарын СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 талаптарына жауап беретiн жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың".
2 2. Жарық қайтарғыш материалдармен автокөлiк құралдарын кезең-кезеңімен таңбалау мынадай мерзiмде жүргiзiлсiн:
1 1) 2003 жыл iшiнде - автокөлiк құралдарының (автоцистерналар) санаты мен түрiне қарамастан, қауiптi жүктер таситын автокөлiк құралдары;
2
2) 2004 жылдың І жарты жылдығы iшiнде - жүк тасуға арналған қозғалтқышы бар М 3 , N 2 және N 3 санаттарындағы автокөлiк құралдары (жүк автомобильдерi, сүйретпе-автомобильдер, сондай-ақ қондырғылар орнатылған олардың шассилері) және О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы қозғалтқышы жоқ автокөлiк құралдары (толық салмағы 3,5 тоннаға дейiн жететiн О 1 санаттағы тiркемелердi қоспағанда, тiркемелер және жартылай тiркемелер);
3 3) 2004 жылдың II жарты жылдығы iшiнде - рұқсат етiлген ең көп салмағы 5 тоннадан астам жолаушыларды тасуға арналған қозғалтқышы бар автокөлiк құралдары (жолаушылар және жүк-жолаушы автомобильдерi, олардың түрлерi, автобустар, жолаушы автопойыздары);
4 4) 2005 жылдан бастап - мемлекеттiк меншiктегi М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы автокөлiк құралдары.
3
3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi 2005 және кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк меншiктегi үлкен ұзындықты және ауыр жүк көтергiш автокөлiкті жарық қайтарғыш материалдармен таңбалау бойынша iс-шаралар жүргiзуге бюджеттiк өтiнiмдерде қаражат көздесiн.