Об изменении границ (черт) населенного пункта Карасайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ (черт) населенного пункта Карасайского района
- Атауы (қаз.)
- Қарасай ауданының елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 470
- Қабылданған күні
- 27.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2019 138261_437181.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19DK005390
- ЭКБ идентификаторы
- 138261
- Редакция идентификаторы
- 138261_437181
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:56
0 Қарасай ауданының елді мекенінің шекарасын
(шегін) өзгерту туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округіндегі Шамалған ауылының шекарасы (шегі) 9,55 гектарға өзгертіліп, Шамалған ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 912,92 гектар болып белгіленсін.
2
2. Осы бірлескен Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қарасай аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Ашимбай Алмасбек Рзабекулына және Қарасай аудандық мәслихатының «Ауылшаруашылығы, көгалдандыру, сауда, қоршаған ортаны қорғау, экология, жерді және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы бірлескен Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қарасай аудандық мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай ауданының әкімдігі
2019 жылғы 27 желтоқсаны № 470
Қарасай аудандық мәслихаты 2019 жылғы 27 желтоқсаны № 50-5
бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша