Құжат мәтініне өту

Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Семей

Қаулы · № 2 · қабылданған 08.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138288/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Семей Қолданыста Қаулы ·№ 2 ·08.01.2020
08.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Семей

Қолданыста Қаулы ·№ 2 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Семей
Атауы (қаз.)
Семей қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
08.01.2020
Көрсетілген редакция
08.01.2020 138288_437247.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VB006488
ЭКБ идентификаторы
138288
Редакция идентификаторы
138288_437247
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:33

0 Семей қаласында жолаушылар мен багажды

тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау
маршруттарына сараланған тарифті белгілеу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Семей қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін:

1 1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде:

ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде;

2 2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:

ересектерге – 140 (жүз қырық) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.

2 2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.

3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми түрде жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қалалық мәслтхат
сессияның төрағасы
2019 жылғы «__»______________
_______________С. Родионов
Қалалық мәслихат хатшысы
2019 жылғы «__»_______________
________________ Б. Ақжалов

Қолданыстағы