Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 2 · қабылданған 08.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138297/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 2 ·08.01.2020
08.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
08.01.2020
Көрсетілген редакция
08.01.2020 138297_438061.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019867
ЭКБ идентификаторы
138297
Редакция идентификаторы
138297_438061
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:34

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі

8 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі

Қазақстан Республикасының
Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрінің
2019 жылғы

бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер
тізбесі

1

1. «Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларында:
2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы

27 ақпандағы №18-03/144 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10651 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу тәртібі»;
1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3

3. «Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №18-03/369 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11266 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктері
республикалық қауымдастығының
аңшылық минимумы бойынша
емтихан өткізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Сертификат иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы
Сертификаттың нөмірі, берілген күні
Алғаны туралы қолы
1
2
3
4
5
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы
__________________________________________________________
__________________ _______________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20___жылғы «____» ________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)

2 Аңшы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге ________________________________________________________________________
(қауымдастықтың толық атауы)
_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты,
_____________________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
_____________________________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Аңшы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған
өтініш
Аңшы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын
Аңшы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы __________________________________
Ұстау мақсаты және орны ________________________________________________________
Ие болу тәсілі ___________________________________________________________________
Алынбайтын сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер _____________
20 __ жылғы ______________________ _____________________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, аты, әкесінің аты, тегі)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)

3 Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 18-03/369 бұйрығына
2-қосымша
Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі

Сулы-батпақты жерлердің атауы
Орналасуы
Көлемі, гектар
1
Жаркөл көлдер тобы
Ақмола, Қостанай облыстары
8 818
2
Жұмай-Майшұқыр көлдер тобы
Ақмола облысы
12 490
3
Құмдыкөл-Жарлыкөл көлдер тобы
Ақмола облысы
20 350
4
Тұзащы және Қарасор көлдері
Ақмола облысы
8 582
5
Ұялышалқар көлдер тобы
Ақмола облысы
20 360
6
Қаратал өзенінің төменгі сағасы
Алматы облысы
102 195
7
Сорбұлақ көлі
Алматы облысы
18 540
8
Топар көлдер жүйесі
Алматы облысы
32 530
9
Еділ атырауының қазақстандық бөлігі. Жамбай
Атырау облысы
289 075
10
Ембі өзенінің төменгі сағасы
Атырау облысы
208 990
11
Зайсан көлінің көршілес акваторийімен Қара Ертіс өзенінің атырауы
Шығыс Қазақстан облысы
104 200
12
Марқакөл көлі
Шығыс Қазақстан облысы
75 048
13
Ақжар алабы
Жамбыл, Түркістан облыстары
25 714
14
Көшім көлдері
Батыс Қазақстан облысы
175 315
15
Шалқар көлі
Батыс Қазақстан облысы
27 530
16
Балықтыкөл көлі
Қарағанды облысы
10 430
17
Қарасор көлі
Қарағанды облысы
37 286
18
Сасыққөл көлі
Қарағанды облысы
3 200
19
Қамыс-Жаманкөл көлдері тобы
Қостанай облысы
3 940
20
Ақжан көлі
Қостанай облысы
3 026
21
Батпақкөл көлі
Қостанай облысы
2 690
22
Бозшакөл көлі
Қостанай облысы
3 520
23
Құсмұрын көлі
Қостанай облысы
92 510
24
Орыс Жаркөлі көлі
Қостанай облысы
12 774
25
Сұлукөл көлі
Қостанай облысы
3 091
26
Мамыркөл көлі
Қостанай облысы
1 875
27
Санкебай көлдері
Қостанай облысы
4 675
28
Сарықопа көлдер жүйесі
Қостанай облысы
51 200
29
Шошқалы көлдер жүйесі
Қостанай облысы
13 580
30
Қаракөл көлі
Маңғыстау облысы
5 270
31
Қорғанкөл көлі
Павлодар облысы
1 097
32
Ақсуат көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
4 589
33
Балықты көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
4 138
34
Үлкен Қақ көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
11 500
35
Жалтыр көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
2 594
36
Жыланды көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
3 410
37
Кіші Қақ көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
9 721
38
Тереңкөл көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
835
39
Сорбалық-Майбалық көлдер тобы
Солтүстік Қазақстан облысы
3400
40
Шағлытеңіз көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
34 750
41
Шу өзенінің төменгі сағасы
Түркістан облысы
147 950
42
Қызылкөл көлі
Түркістан облысы
4 160
43
Шардара су қоймасы
Түркістан облысы
113 000
44
Шошқалы көлдері
Түркістан облысы
53 460

Қолданыстағы