О создании подвижного пункта управления начальника Гражданской обороны Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании подвижного пункта управления начальника Гражданской обороны Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғыныс бастығы басқармасының жылжымалы пунктін құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 590
- Қабылданған күні
- 27.09.1998
- Көрсетілген редакция
- 27.09.1998 1384_259277.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000096
- ЭКБ идентификаторы
- 1384
- Редакция идентификаторы
- 1384_259277
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:32
0 Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғыныс бастығы басқармасының жылжымалы пунктін құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында төтенше жағдайлар ошақтарында
және ол туған жағдайда құтқару және басқа шұғыл жұмыстар атқару кезiнде
тұрақты басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғаныс бастығы басқармасының
жылжымалы пунктi мына құрамда құрылсын:
1) оперативтi топ;
2) күзет және жолдама бөлiмi;
3) командалық штаб машиналарының бөлiмi;
4) жылжымалы байланыс торабы;
5) шаруашылық бөлiмi;
6) санитарлық бөлiмi.
2. Жылжымалы пункт бөлiмдерiн құру мыналарға жүктелсiн:
1) оперативтi топ - облыс Әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайлар
жөнiндегi облыстық комиссияның төрағасына;
2) күзет және жолдама бөлiмi - облыстық iшкi iстер басқармасының
бастығына;
3) командалық-штаб машиналарының бөлiмi - Шығыс Қазақстан облысы ¶ Әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық комиссияның төрағасына;
4) жылжымалы байланыс торабы - "Қазтелеком" ашық акционерлiк қоғамының облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директорына;
5) шаруашылық бөлiмi - облыс Әкiмi аппаратының қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсiне;
6) санитарлық бөлiмi - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығына.
3. Жылжымалы пункт басқармасының бастығы, оперативтi топ басшысы болып Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық комиссиясының төрағасы тағайындалсын.
4. Жылжымалы пункт басқармасы бөлiмдерiнiң құрамы және толықтырулары N№1 қосымшаға сәйкес болсын.
5. Жылжымалы байланыс торабының құрамына облыстық телекоммуникация дирекциясынан телефон-телеграф байланысының аппаратурасы, облыстық ҰҚК облыстық басқармасынан жабық үкiмет байланысын қамтамасыз ету үшiн арнайы байланыс аппаратурасы, облыстық төтенше жағдайлар басқармасынан Р-140 радиостанциясы, УКВ радиостансасымен автомобиль енгiзiлсiн.
6. Жылжымалы пункт басқармасының дайындық мерзiмi жылжымалы пункт басқармасын әзiрлеу туралы өкiм берiлген кезден бастап 4 сағат белгiленсiн.
7. Байланыс құралдарының, көлiктiң, жеке құрамның, материалдық-техникалық құралдардың дер кезiнде дайын болуы үшiн жауапкершiлiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың, ұйымдар мен басқармалардың бiрiншi басшыларына жүктелсiн.
8. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы жылжымалы пункт басқармасын жинау тәртiбi мен хабарлау схемасын әзiрлесiн.
9. Жылжымалы пункт басқармасын практикалық өрiстету кезiнде облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған резервтiк қордан облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (Темный Г.В.) есептеу және шығыс құжаттарына сәйкес ақша қаражаттарын бөлудi көздесiн.
10. Жылжымалы пункт құру және осы шешiмдi орындауға бақылау жасау
облыс Әкiмiнiң орынбасарына, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық
комиссияның төрағасына жүктелсiн.
11. Жылжымалы пункттiң әзiрлiгi туралы 1998 жылғы 30 қыркүйекке
баяндалсын. Жылжымалы пункт басқармасының әзiрлiгiне байқау жасау 1998
жылғы 15 қазанда жиналатын жерде жүргiзiлсiн, хабарлау және жылжымалы
пункт басқармасын жинау жөнiнде жаттығу облыстық төтенше жағдайлар
басқармасы бастығының басшылығымен 1998 жылғы 15 қазанда жүргiзiлсiн.
24 Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғаныс бастығы басқармасының толықтырылу
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң
1998 жылғы 28 қыркүйек N 590
шешiмiне N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғаныс
бастығы басқармасының толықтырылу
ҚҰРАМЫ
1 Әкiм аппаратының басшысы
Т.Ибраев