Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 1 · қабылданған 10.01.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138409/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·10.01.2020
27.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
10.01.2020
Көрсетілген редакция
27.04.2020 138409_458700.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NOF08891
ЭКБ идентификаторы
138409
Редакция идентификаторы
138409_458700
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:27

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 30 қазандағы № 01-27/145 ұсынысы негізінде Қарақоға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі Байғожа ауылының аумағында орналасқан «Капешев Жомарт Жумаканович» шаруа қожалығына тиесілі жеке ауланың аумағында ірі қара малдың құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Меңдіқара аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Меңдіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы