Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к лицензируемым видам деятельности в области пожарной безопасности

Қаулы · № 1348 · қабылданған 23.12.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13854/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к лицензируемым видам деятельности в области пожарной безопасности Күшін жойған Қаулы ·№ 1348 ·23.12.2002
22.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к лицензируемым видам деятельности в области пожарной безопасности

Күшін жойған Қаулы ·№ 1348 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к лицензируемым видам деятельности в области пожарной безопасности
Атауы (қаз.)
Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1348
Қабылданған күні
23.12.2002
Көрсетілген редакция
22.10.2010 AI13854_4.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001348_
ЭКБ идентификаторы
13854
Редакция идентификаторы
AI13854_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:37

0 Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1095 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

1 Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1348 қаулысымен
бекiтiлген
Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары
Осы Біліктілік талаптары өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялық қызметпен айналысу құқығына үмiткер субъектiлерге қолданылады және оған мыналарды қамтиды:

1 1) өрт дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау:

заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық білімi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы болуы тиiс;
субъектiнің жобалау жұмыстарын орындау үшiн нормативтік-техникалық базасы (әдебиетi) болуы тиiс;

2 2) өрт дабылы және өртке қарсы автоматика құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы техника, өрттен қорғану жабдықтары мен құралдарын шығару:

заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық бiлiмi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау немесе монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы техника немесе өрттен қорғану құралдарын аудару мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы, белгiленген тәртiппен тiркелген ұйымдар берген электр кернеуi бар жабдықпен жұмыс iстеуде білімінің тексерiлгенi туралы белгiленген үлгiдегі құжаты болуы тиiс;
субъектiнің санитарлық және өртке қарсы талаптарға жауап беретiн үй-жайлары, өнiмдi шығаруға арналған жабдығы (немесе оларды жалдауға арналған шарты), белгiленген тәртiппен бекiтiлген шығарылатын немесе шығару жоспарланып отырған өнiмге арналған техникалық құжаттамасы (техникалық шарттары, конструкторлық құжаттамасы, паспорты немесе нұсқаулығы), сондай-ақ құрастырылатын (шығарылатын) өнiмнiң сапасын тексеруге арналған қондырғысы болуы тиiс;

3 3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 867 қаулысымен.

Қолданыстағы