Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области

Қаулы · № 295 · қабылданған 27.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138602/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области Қолданыста Қаулы ·№ 295 ·27.12.2019
27.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области

Қолданыста Қаулы ·№ 295 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
295
Қабылданған күні
27.12.2019
Қолданысқа енгізілген күні
31.12.2019
Көрсетілген редакция
27.12.2019 138602_438946.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19G0004485
ЭКБ идентификаторы
138602
Редакция идентификаторы
138602_438946
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:54

0 Жамбыл облысы әкімдігінің

кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.

4 «Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы жобасына КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгізіледі.
«Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы жобасына
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Жамбыл облысы бойынша
департаментінің бастығы
_________________ Ч.Самақов
« » ____________ 2019 жыл
Жамбыл облысы полиция
департаментінің бастығы
________________ А.Оразалиев
« » ____________ 2019 жыл

7 Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «27» желтоқсандағы
№ 295 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

1

1. «Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3485 болып тіркелген, 2017 жылдың 24 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

2

2. «Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №122 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2018 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3

3. «Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №122 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4155 болып тіркелген, 2019 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Қолданыстағы