Об утверждении формы отчета «О рассмотрении заявлений, сообщений и иной информации об уголовных правонарушениях», Инструкции по ее формированию Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы» есеп нысанын, оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар жөнінде статистикалық есепті қалыптастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы» есеп нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы» есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы» есеп
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2020 жылғы «__» _______ №__ бұйрығына 1-қосымша нысан «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы» есеп код Есеп­тік ке­зең­нің ба­сын­да қа­рал­ма­ған қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар, ха­бар­ла­ма­лар және өзге де ақ­па­рат­тар қал­ды­ғы Есеп­ті ке­зең­де тір­кел­ген қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы өті­ніш­тер­дің, ха­бар­ла­ма­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны Тер­ге­уде бо­луы бой­ын­ша бе­рі­л­ген­дер қа­та­ры­нан қа­был­дан­ды Ше­шім қа­был­дан­ған олар­дың ішін­де: Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мін­де (бұ­дан әрі-СДТ­БТ) өті­ніш­тер­ді және ха­бар­ла­ма­лар­ды тір­кеу ту­ра­лы қа­ра­у­сыз қал­ды­ры­л­ған және но­мен­кла­ту­ра­лық істе сақ­тал­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық-про­це­стік ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі-ҚР ҚПК) 181-ба­бы­ның 5-бө­лі­гіне сәй­кес, уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ға неме­се ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға жі­бе­рі­л­ген кінә­лі адам­ды әкім­ші­лік неме­се тәр­тіп­тік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту ту­ра­лы мә­се­ле­лер­ді қа­рау құ­зы­ре­тіне кі­ре­тін уәкі­лет­ті ор­ган­ға (ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға) жол­дан­ған Ақ­па­рат­ты есеп­ке алу кі­та­бы­на қо­са бі­рік­ті­рі­л­ген СДТ­БТ-ға қо­са тір­кел­ген 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бар­лы­ғы ке­ліп түс­кен өті­ніш­тер мен ха­бар­лар және өзге де ақ­па­рат­тар­ды қа­рау ту­ра­лы 1 же­ке және заң­ды тұл­ға­ның жа­з­ба­ша ары­зы 2 же­ке және заң­ды тұл­ға­ның ауыз­ша ары­зы 3 ор­ган­ның неме­се ұй­ым­ның ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы­ның ха­бар­ла­ма­сы 4 кінә­сін мой­ын­дап ке­лу 5 бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да­ғы ха­бар 6 ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның ба­я­на­ты 7 Же­дел бас­қар­ма ор­та­лы­ғы­ның ха­ба­ры 8 анық­тал­ма­ған тұл­ға­ның ары­зы 9 ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның ба­ста­ма­шы­лық ба­я­на­ты (же­дел із­де­сті­ру іс-ша­ра­сы ба­ры­сын­да қыз­мет­кер­лер анық­та­ған) 10 Бұ­дан бұ­рын ҚР ҚПК 181-ба­бы­ның 5-бө­лі­гі­нің тәр­ті­бін­де, уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­нан ке­ліп түс­кен 11 От­ба­сы-тұр­мыстық са­лад­а­ғы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы өті­ніш­тер және ха­бар­лар­дың са­ны 12 Са­лық­тық тек­се­ру шең­бе­рін­де қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 13 Же­ке адам­ға қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 14 От­ба­сы­на және кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға қа­ты­сты қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 15 Адам­ның және аза­мат­тың кон­сти­ту­ци­я­лық және өзге де құқық­та­ры мен бо­стан­дық­та­ры­на қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 16 Бей­біт­ші­лік­ке және адам­зат қа­уіп­сіз­ді­гіне қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 17 Мем­ле­кет­тің кон­сти­ту­ци­я­лық құ­ры­лы­сы­ның негіз­де­ріне және қа­уіп­сіз­ді­гіне қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 18 Мен­шік­ке қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 19 Ақ­па­рат­тан­ды­ру және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 20 Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 21 Ком­мер­ци­я­лық және өзге де ұй­ым­дар­да­ғы қыз­мет мүд­де­ле­ріне қай­шы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 22 Қо­ғам­дық қа­уіп­сіз­дік­ке және қо­ғам­дық тәр­тіп­ке қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 23 Ха­лық ден­са­улы­ғы­на және иман­ды­лық­қа қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 24 Ме­ди­ци­на­лық қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 25 Эко­ло­ги­я­лық қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 26 Кө­лік­те­гі қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 27 Мем­ле­кет­тік қыз­мет пен мем­ле­кет­тік бас­қа­ру мүд­де­ле­ріне қар­сы сы­бай­лас жем­қор­лық және өзге де қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 28 Бас­ка­ру тәр­ті­біне қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 29 Сот тө­ре­лі­гіне және жа­за­лар­дың орын­да­лу тәр­ті­біне қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­дың, ха­бар­лар­дың және өзге де ақ­па­рат­тар­дың са­ны 30 Әс­ке­ри қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар, ха­бар­лар және өзге де ақ­па­рат­тар са­ны 31 Кестенің жалғасы олар­дың ішін­де: қа­рау мер­зім­де­рі аумақ­ты­лы­ғы бой­ын­ша бе­рі­л­ген, бі­рақ өті­ніш­тер, ха­бар­ла­ма­лар бой­ын­ша ше­шім­дер қа­был­дан­ба­ған Есеп­тен жа­сы­рын­ған қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы ары­здар­ды, ха­бар­ла­ма­лар­ды және өзге ақ­па­рат­тар­дың анық­тал­ған бар­лық са­ны Же­ке тәр­тіп­те қа­рау үшін сот­қа жол­дан­ған ҚР ҚПК 181-ба­бы­ның 3-бө­лі­гі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ті­ру үшін қай­та­рыл­ды аумақ­ты­лық, ве­дом­ства­лық бой­ын­ша бе­рі­л­ген Ше­шім 24 са­ғат ішін­де қа­был­дан­ған Ше­шім тәу­лік­тік мер­зім­ді бұ­зып қа­был­дан­ған Ше­шім­дер қа­был­дан­ба­ған оның ішін­де мер­зім­де­рі өт­кен 11 12 13 14 15 16 17 18 19
Басқа 2. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы» есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2020 жылғы «__» _____ № ____ бұйрығына 2-қосымша «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы» есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарау туралы» есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат туралы ақпаратты қалыптастырудың негізгі ережелерін айқындайды (бұдан әрі – есеп).
Тармақ 2
2. Есептің нысаналы мақсаты қылмыстық қудалау органдарына келіп түсетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы Ақпараттарды есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркелген арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың мазмұнын сипаттайтын статистикалық ақпаратты және оларды қарау нәтижелерін, олар бойынша қабылданған шешімдердің мерзімдері мен негізділігін есепке алудан, жинақтаудан және жүйелеуден тұрады.
Тармақ 3
3. Осы статистиканың субъектілері қылмыстық қудалау органдары болып саналады.
Тармақ 4
4. Есепті қалыптастыру үшін «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарларды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің К-1 «АЕК-ке есепке алу» және К-2 «АЕК бойынша шешім» электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – ЭАЕҚ) негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібі қағидалармен регламенттелген.
Тармақ 6
6. Есеп өңір бойынша жиынтық есептен және осы өңірдің әрбір қылмыстық қудалау және прокуратура органдары жөніндегі есептерден тұрады. Жиынтық есептің 1 және 2-бағандарындағы көрсеткіштер қылмыстық қудалау органы бойынша есептің көрсеткіштеріне тең болуы керек. Жиынтық есептің басқа көрсеткіштері қылмыстық қудалау органдары бойынша есептердің тиісті көрсеткіштерімен бірдей болуы қажет. Республика бойынша, сондай-ақ өңір бойынша және әрбір құқықтық статистика субъектісі бойынша жиынтық есеп ЭАЕҚ мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) орталық аппаратында автоматтандырылған режимде жасалады. Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары жергілікті жерлердегі ЭАЕҚ мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Есепті ұсыну мерзімдері
2-тарау. Есепті ұсыну мерзімдері
Тармақ 7
7. Комитет есепті ай сайын ұлғаю қорытындысымен қалыптастырады. Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтары ЭАЕҚ мәліметтерін өңдеуді есептік айдың соңғы күні сағат 24.00-ге дейін қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Комитеттің аумақтық басқармалары орталық аппаратқа түсірген ЭАЕҚ мәліметтері негізінде, Комитет жалпы республика бойынша жиынтық есепті, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының өңірлер бойынша және жалпы республика бойынша есептерін құрастырады. Комитет жиынтық есепті және құқықтық статистика субъектілеріне мүдделі әрбір қылмыстық қудалау органы бойынша есептерді, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлімшелеріне есептік кезеңнен кейінгі айдың 4-күніне олардың ресми электрондық мекенжайларына электрондық форматта ұсынады. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне сәйкес келмесе (демалыс, мереке күні), мерзімнің соңғы күні одан кейінгі бірінші жұмыс күні болып есептеледі. Белгілі бір уақыт кезеңінде қалыптастырылған, бекітілген есепке қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Есепті қалыптастырудың құрылымы мен тәртібі
3-тарау. Есепті қалыптастырудың құрылымы мен тәртібі
Тармақ 9
9. Есеп қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық қудалау органдары тіркеген арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар, сондай-ақ, есептік кезеңнің басы мен соңында шешімдер қабылданбаған, оларды қарау мерзімдері туралы мәліметтерді бейнелейді.
Тармақ 10
10. 1-бағанда есептік жылдың басындағы шешімдері қабылданбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қаралмаған арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың қалдығы ұлғаю қорытындысымен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 2-бағанда Ақпараттарды есепке алу кітабында есептік кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың саны бейнеленеді.
Тармақ 12
12. Есептік жылдың басындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қаралмаған арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар көрсеткіштерінің мөлшері (1-баған) және есептік кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар саны (2-баған) қабылданған шешімдер жөніндегі көрсеткіштер сомасына тең болуы тиіс.
Тармақ 13
13. 3-бағанда қылмыстық қудалау органы шешім қабылдаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.
Тармақ 14
14. 5-бағанда қабылданған шешімдердің жалпы санынан СДТБТ-да тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 6-бағанда номенклатуралық іске шығару туралы қабылданған шешімдермен расталмаған ақпарат есепке алынады, ол кейіннен номенклатуралық істе (нарядта) сақталады (4-бағанның көрсеткішінен).
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі-ҚПК) 181-бабының 5-бөлігіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға жолданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар және өзге де ақпарат есептің 7-бағанында бейнеленеді.
Тармақ 17
17. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламалардың және өзге де ақпараттың басқа негіздері болған кезде, құзыретіне әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау жататын уәкілетті органға (лауазымды адамға) жіберіледі, олар 8-бағанда көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 9-бағанда бір факт бойынша АЕК-ге бұдан бұрын қоса біріктірілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады. Бұл ретте, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер есепке алынбайды.
Тармақ 19
19. Сотқа жеке тәртіппен жолданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштердің, хабарлардың және өзге де ақпараттың саны туралы деректер 10-бағанда көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 12-бағанда, егер ақпаратты қарау басқа қылмыстық қудалау органының құзыретіне жататын болса, аумақтылығы немесе ведомстволық бағыныстылығы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды және өзге де ақпаратты жолдау туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 21
21. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау мерзімдері туралы мәліметтер 14-17-бағандарда, оның ішінде 14-бағанда - жиырма төрт (24) сағат мерзім ішінде, 15-бағанда бір тәулікке мерзімі бұзылған, 16-бағанда – қабылданбаған шешімдер бойынша, 17-бағанда соның ішінде олар бойынша мерзімдері өткендер (14-бағаннан) бейнеленеді.
Тармақ 22
22. 18-бағандарда аумақтылығы бойынша жолданған, бірақ олар бойынша шешім қабылданбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар жөніндегі мәліметтер бейнеленеді. Аумақтылығы бойынша басқа да облысқа, сондай-ақ қылмыстық қудалаудың басқа органдарынан тергеуде болуы бойынша берілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар және өзге де ақпарат қайта тіркеуге жатпайды және тексеру іс-шаралары АЕК-нің бұдан бұрын берген тіркеу нөмірімен, ЭАЕҚ-ның тиісті нысаны толтырылып жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. 19-бағанында тіркеуден жасырынған, бірақ нәтижесінде анықталған және тиісті түрде тіркелген құқық бұзушылықтар туралы өзге ақпараттар, хабарлар мен өтініштердің саны бейнеленеді. Құқық бұзушылықтар туралы жасырын қалған басқа ақпараттар, хабарлар мен өтініштер туралы ақпараттар есепке алынады және есепке алу-тіркеу тәртіп бұзушылығы анықталған қылмыстық қудалау органының бөлімшелерінің есебіне тіркеуге жатады.
Тармақ 24
24. 1-жолда есептік кезеңде келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың жалпы саны бейнеленеді.
Тармақ 25
25. 2 - 11 жолдарда ҚР ҚПК 180-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.
Тармақ 26
26. 12-жолда отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың саны туралы мәліметтер бейнеленеді. 13-жолда салықтық тексеру шеңберінде жасалған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер болады.
Тармақ 27
27. 14-тен 31-ге дейінгі жолдарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тарауларында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.