Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-1/4
- Қабылданған күні
- 13.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2020 138721_438832.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BC007649
- ЭКБ идентификаторы
- 138721
- Редакция идентификаторы
- 138721_438832
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:23
0 Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Ақкөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданы Еңбек, Урюпинка, Наумовка ауылдық округтерінің және Ақкөл қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 31,49 гектар «ANT Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан қырық тоғыз (49) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «ANT Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.В. Курушинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___» __________
№ ______________ қаулысына
қосымша
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
№
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi
Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы
Жер санаты
1
Еңбек ауылдық округінің әкімшілік шекарасы
11,11
Темір жол көлігінің жолы
2
Ақкөл қаласының әкімшілік шекарасы
6,42
Темір жол көлігінің жолы
3
Урюпинка ауылдық округінің әкімшілік шекарасы
4,76
Темір жол көлігінің жолы
4
Наумовка ауылдық округінің әкімшілік шекарасы
9,20
Темір жол көлігінің жолы
Барлығы
31,49