Құжат мәтініне өту

Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта

Қаулы · № 6 · қабылданған 20.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138829/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Қолданыста Қаулы ·№ 6 ·20.01.2020
20.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта

Қолданыста Қаулы ·№ 6 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта
Атауы (қаз.)
Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
20.01.2020
Көрсетілген редакция
20.01.2020 138829_439457.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20U0005381
ЭКБ идентификаторы
138829
Редакция идентификаторы
138829_439457
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:16

0 Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №360 «Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4374 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2018 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі

8 Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Түркістан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы
«____» _____________
№_____ қаулысына
қосымша
Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Спорт түрлерінің атауы
Топтар
атауы

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы
Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы
Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы
Ұлттық спорт түрлерінің атауы
«А» тобы
1.
Армрестлинг
Бадминтон
Параканоэ
Аударыспақ
2.
Белбеу күресі
Байдарка және каноэ есу
Көкпар
3.
Гір спорты
Баскетбол
Қазақ күресі
4.
Дойбы
Бокс
Тоғызқұмалақ
5.
Самбо
Грек-рим күресі
6.
Дзюдо
7.
Еркін күрес
8.
Классикалық волейбол
9.
Каратэ WKF
10.
Таеквондо WTF
«В» тобы
1.
Джиу-джитсу
Академиялық есу
Асық ату
2.
Жекпе-жек сайысы
Ауыр атлетика
Жамбы ату
3.
Кикбоксинг
Әйелдер боксы
Теңге ілу
4.
Пауэрлифтинг
Әйелдер күресі
5.
Президенттік көпсайыс
Желкенді қайық спорты
6.
Шахмат
Жеңіл атлетика
7.
Жүзу
8.
Қол добы
9.
Садақ ату
10.
Семсерлесу
11.
Теннис
12.
Үстел теннисі
13.
Футбол
«С» тобы
1.
ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек
Ат спорты (конкур)
Бәйге
2.
Грэпплинг
Батутта секіру
Жекпе-жек
3.
Таеквондо ІТҒ
Жағажай волейболы
Құсбегілік
4.
Ушу
Көркем гимнастика
5.
Регби
6.
Триатлон

Қолданыстағы