Құжат мәтініне өту

Об изменении границ населенных пунктов Казыгуртского района

Қаулы · № 53/330-VI · қабылданған 31.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138849/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об изменении границ населенных пунктов Казыгуртского района Қолданыста Қаулы ·№ 53/330-VI ·31.12.2019
31.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ населенных пунктов Казыгуртского района

Қолданыста Қаулы ·№ 53/330-VI · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ населенных пунктов Казыгуртского района
Атауы (қаз.)
Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53/330-VI
Қабылданған күні
31.12.2019
Көрсетілген редакция
31.12.2019 138849_439494.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UF005370
ЭКБ идентификаторы
138849
Редакция идентификаторы
138849_439494
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:42

0 Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қазығұрт ауданы бойынша;

1 1) Қақпақ ауылы округі, Заңғар елді мекенінің барлығы 77,63 гектар жеріне 2,0 гектар жайылым жер қосылып, Заңғар елді мекенінің аумағы 79,63 гектарға;

2 2) Сарапхана ауылдық округі, Жіңішке елді мекенінің барлығы 146,4 гектар жеріне 17,5 гектар жайылым жер қосылып, Жіңішке елді мекенінің аумағы 163,9 гектарға;

3 3) Сарапхана ауылдық округі, Махамбет елді мекенінің барлығы 145,5 гектар жеріне 15,0 гектар жайылым жер қосылып, Махамбет елді мекенінің аумағы 160,5 гектарға;

4 4) Қарабау ауылы округі, Жұмысшы елді мекенінің барлығы 173,04 гектар жеріне 18,0 гектар жайылым жер қосылып, Жұмысшы елді мекенінің аумағы 191,04 гектарға;

5 5) Шарбұлақ ауылы округі, Ақбастау елді мекенінің барлығы 93,26 гектар жеріне 55,0 гектар жайылым жер қосылып, Ақбастау елді мекенінің аумағы 148,26 гектарға;

6 6) Қызылқия ауылы округі, Айнатас елді мекенінің барлығы 237,27 гектар жеріне 20,0 гектар жайылым жер қосылып, Айнатас елді мекенінің аумағы 257,27 гектарға;

7 7) Қызылқия ауылы округі, Ынталы елді мекенінің барлығы 110,18 гектар жеріне 2,3 гектар жайылым жер қосылып, Ынталы елді мекенінің аумағы 112,48 гектарға;

8 8) Жаңабазар ауылы округі, ХХ-лет Каз ССР елді мекенінің барлығы 58,52 гектар жеріне 76,1 гектар жайылым жер қосылып, ХХ-лет Каз ССР елді мекенінің аумағы 134,62 гектарға;

9 9) Қ.Әбдәлиев ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінің барлығы 24,92 гектар жеріне 22,6 гектар жайылым жер қосылып, Еңбекші елді мекенінің аумағы 47,52 гектарға;

10 10) С.Рақымов ауыл округі, Майбұлақ елді мекенінің барлығы 166,49 гектар жеріне 38,5 гектар жайылым жер қосылып, Майбұлақ елді мекенінің аумағы 204,99 гектарға;

11 11) С.Рақымов ауыл округі, Қызылата елді мекенінің барлығы 86,38 гектар жеріне 31,6 гектар жайылым жер қосылып, Қызылата елді мекенінің аумағы 117,98 гектарға;

12 12) Жігерген ауыл округі, Тесіктөбе елді мекенінің барлығы 124,42 гектар жеріне 12,0 гектар жайылым жер қосылып, Тесіктөбе елді мекенінің аумағы 136,42 гектарға ұлғайтылып, шекаралары өзгертілсін.

2 2. «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен қаулы және шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Қазығұрт аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы