Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, а также лиц, состоящих на учете службы пробации

Қаулы · № 385 · қабылданған 05.01.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138889/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, а также лиц, состоящих на учете службы пробации Күшін жойған Қаулы ·№ 385 ·05.01.2020
02.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, а также лиц, состоящих на учете службы пробации

Күшін жойған Қаулы ·№ 385 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, а также лиц, состоящих на учете службы пробации
Атауы (қаз.)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
385
Қабылданған күні
05.01.2020
Көрсетілген редакция
02.03.2021 138889_513074.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VS006631
ЭКБ идентификаторы
138889
Редакция идентификаторы
138889_513074
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:41

0

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысшылардың тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2. Ұйымдық-құқықтық нысанана және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысшылардың тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3

3. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 54 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталарын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5742 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 наурызда жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.

4 4. «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулынының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Шемонаиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері

Шемонаиха ауданының әкімі
2020 жылғы 5 қаңтары
№ 385 Қаулысына 1 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері
Р/с №
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
Жұмысшылар
дың тізімдік саны (адам)
Бекітілген квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің «Н.А. Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектебі-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
126
1%
1
2
«Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің «Ю.А. Гагарин атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
109
1%
1
3
«Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің «Д.М. Карбышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
1%
1

10 Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері

Шемонаиха ауданының әкімі
2020 жылғы 5 қаңтары
№ 385
Қаулысына 2 қосымша
Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері
Р/с №
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
Жұмысшылардың тізімдік саны (адам)
Бекітілген квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Защита УБА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
130
1%
1
2
«Камышинское – 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
188
1%
2
3
«Шемонаиха су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
3%
3
4
«Рулиха» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
112
2%
2
5
«Прииртышье+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
40
3%
1
6
«Сугатовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
120
1%
1
7
«Уба-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
40
3%
1

Қолданыстағы