Құжат мәтініне өту

Об изменении границ населенных пунктов Казыгуртского района

Қаулы · № 53/328-VI · қабылданған 31.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-138940/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об изменении границ населенных пунктов Казыгуртского района Қолданыста Қаулы ·№ 53/328-VI ·31.12.2019
31.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ населенных пунктов Казыгуртского района

Қолданыста Қаулы ·№ 53/328-VI · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ населенных пунктов Казыгуртского района
Атауы (қаз.)
Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53/328-VI
Қабылданған күні
31.12.2019
Көрсетілген редакция
31.12.2019 138940_439905.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UF005368
ЭКБ идентификаторы
138940
Редакция идентификаторы
138940_439905
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:42

0 Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қазығұрт ауданы бойынша;

1) Жаңабазар ауыл округі, 20-лет КазССР елді мекенінің барлығы 58,52 гектар жеріне 30,6 гектар жайылым жер қосылып, 20-лет КазССР елді мекенінің аумағы 89,12 гектарға;
2) Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана елді мекенінің барлығы 352,0 гектар жеріне 5,0 гектар жайылым жер қосылып, Сарапхана елді мекенінің аумағы 357,0 гектарға ұлғайтылып, шекаралары өзгертілсін.
3) Жігерген ауыл округі, Жігерген елді мекенінің барлығы 143,95 гектар жеріне 1,7 гектар жайылым жер қосылып, Жігерген елді мекенінің аумағы 145,65 гектарға ұлғайтылып, шекаралары өзгертілсін.
2. «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Қазығұрт аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы