Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование в частных организациях образования, предельного размера родительской платы за обучение
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование в частных организациях образования, предельного размера родительской платы за обучение
- Атауы (қаз.)
- Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 22.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2025 138963_759311.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019913
- ЭКБ идентификаторы
- 138963
- Редакция идентификаторы
- 138963_759311
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:15
0 Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бюджеттік бағдарламасының бекітілген тиісті кіші бағдарламасында айқындалған көлемде жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2
2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 200 еселенген мөлшерінде және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшері;
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатынған айлық есептік көрсеткіштің 2 400 еселенген мөлшерінде Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (Ж.И. Рахметова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.