О некоторых вопросах исполнения бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах исполнения бюджета
- Атауы (қаз.)
- Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 20.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2021 138986_553944.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20LD007218
- ЭКБ идентификаторы
- 138986
- Редакция идентификаторы
- 138986_553944
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:18
0 Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 94-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық бюджетке және жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2
2. «Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы №8 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5737 нөмірімен тіркелген, 2017 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Аудан әкімі
2020 жылғы 20 қаңтары № 7
қаулысына қосымша
Аудандық бюджетке және жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі
№
Уәкілетті органдар
Бюджет сыныптамасының коды
Аудандық бюджетке түсетін түсімдердің атауы*
1
«Қазалы ауданының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
201102
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері
2
201302
Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер
3
201402
Коммуналдық меншіктегі заңды тулғаларға қатысу үлесіне кірістер
4
201508
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер
5
201907
Иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер
6
201910
Коммуналдық меншігіне жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы
7
301102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер
8
301103
Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер
9
401301
Бюджеттік алып коюлар
10
401302
Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару
11
401303
Мақсатына сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару
12
401304
Бюджеттік заңнамамен белгіленген жағдайда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару
13
401305
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару
14
401306
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару
15
401307
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару
16
401308
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері
17
401310
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетінен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару
18
402201
Ағымдағы нысаналы трансферттер
19
402202
Нысаналы даму трансферттері
20
402203
Субвенциялар
21
402204
Заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер
22
501106
Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
23
601102
Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер
24
601105
Мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жіргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер
25
701203
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар
26
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар
202102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер
27
203102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі
28
204114
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар
29
204116
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
30
204118
Мамандандырылған ұйымдарға, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша жергілікті бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
31
206105
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі
32
206107
Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы
33
206109
Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер
34
206110
Мүлiктi жария еткенi үшiн алым
35
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары
204154
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алуларды қоспағанда аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
36
204171
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
37
«Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
201509
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер
38
«Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
201706
Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
39
201713
Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
40
201718
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
41
201719
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аппараттарына аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар
42
501113
Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
43
501121
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
44
501122
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдерінің аппараттарына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
45
«Қазалы ауданының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
303101
Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
46
303102
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
47
303202
Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем
48
Жергілікті өзін-өзі басқарудың 4-ші деңгейлі бюджеті
101202
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы
49
104102
Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық
50
104302
Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы
51
104401
Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық
52
104402
Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық
53
105430
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы
54
201102
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері
55
201402
Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер
56
201510
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер
57
201706
Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
58
201713
Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
59
201718
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
60
202102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер
61
203102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі
62
204114
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар
63
204170
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
64
206105
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі
65
206107
Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы
66
206109
Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер
67
206115
Жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдар
68
206117
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері
69
301102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер
70
402301
Ағымдағы нысаналы трансферттер
71
402302
Нысаналы даму трансферттері
72
402303
Субвенциялар
73
402304
Заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер
74
403103
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда берілетін трансферттер
75
501106
Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
76
501113
Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
77
501121
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды
тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
78
601102
Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер
79
601105
Мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жіргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер
80
701204
Аудандық маңызы бар қалаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округінің әкімінің аппараты алған қарыздар
81
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қызылорда облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы «Арал және Қазалы аудандары бойынша аумақтық бөлімі»
204103
Атқарушылық санкция
82
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы-Қазалы аудандық сотының кеңсесі
204142
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарды қоспағанда, сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi, салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
83
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қызылорда облысының Полиция департаменті Қазалы ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі
204106
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың ішкі істер департаменттері, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар
Ескерту: *аудандық бюджетке түсетін түсімдердің атауы «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9756 нөмірімен тіркелген) сәйкес жазылды. Аудандық бюджетке түсетін түсімдер «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Респуликасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9760 нөмірімен тіркелген) сәйкес ескеріледі.