Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил размещения пасек на территории области

Қаулы · № 167/8 · қабылданған 31.07.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13900/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил размещения пасек на территории области Күшін жойған Қаулы ·№ 167/8 ·31.07.2002
07.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил размещения пасек на территории области

Күшін жойған Қаулы ·№ 167/8 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил размещения пасек на территории области
Атауы (қаз.)
Омарталарды облыс аумағында орналастыру Ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
167/8
Қабылданған күні
31.07.2002
Көрсетілген редакция
07.10.2010 AI13900_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02P0001422
ЭКБ идентификаторы
13900
Редакция идентификаторы
AI13900_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:54

0 Омарталарды облыс аумағында орналастыру Ережесiн бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.10.07 № 235/16 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы "Бал ара шаруашылығы туралы" Заңының 6-бабына сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған омарталарды облыс аумағында орналастыру Ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау және жоғарыда аталған Ереженi жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыс бойынша аумақтық басқармасына (келiсiм бойынша) жүктелсiн.

3 Омарталарды облыс аумағына орналастыру Ережесі

Облыс әкімиятының
2002 жылғы 1 тамыздағы
№ 167/8 қаулысымен бекітілді
Омарталарды облыс аумағына орналастыру Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Облыс аумағына омарталарды орналастырудың осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасынын 2002 жылғы 12 наурыздағы "Бал ара шаруашылығы туралы" Заңына сәйкес дайындалды және Павлодар облысының аумағына омарталарды орналастырудың негізгі ұстанымдарын белгілейді.

2 2. Ереже бал ара шаруашылығымен айналысушы жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

3 3. Ережелерде мынадай түсініктер қолданылады:

1 1) бал ара ұясы - бал ара ұясында немесе үйшігінде тұратын жұмыскер бал аралардан, еркек бал аралардан және аналық бал аралардан тұратын тұтас биологиялық бірлік;

2 2) бал ара бал ұясы - бал араның бал ұясын ұстауға арналған құрылыс;

3 3) омарта - бал арасымен қоса белгілі бір жерде орналастырылған омарта;

4 4) тұрақты омарта - бір жыл бойы тұрақты жерге орналастырылған омарта;

5 5) көшпелі омарта - орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздеріне немесе энтомофильді өсімдіктер алқабына орналасатын омарта;

6 6) бал жинау - аралардың белгілі бір кезеңде жинаған балының мөлшері.

2 2. Омарталарды қауіпсіз орналастырудың тәртібі

4 4. Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамсыз етілетін орындарды орналастырады. Бал ара ұяларын үлкен жолдарға және мал шаруашылығы фермаларына жақын орналастыруға жол берілмейді. Олардың ара қашықтығы 30 метрден кем болмауы тиіс.

5 5. Көшпелі омарталар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр және тұрақты омарталарды бал аралардың басқа бұрын орналастырылуы тиіс.

Тұрақты және көшпелі омарталарды бал аралардың басқа бұрын орналастырылған омартадан аралардың бал жинау көздеріне қарай ұшатын жолына орналастыруға жол берілмейді.
Ылғалды ауаның бал ара ұяларына зияны тиіп, аурудың таралуына ықпал жасайтындықтан, ұяларды үлкен өзендер көлдермен қатар, ойпаң және дымқыл жерлерде орналастыруға болмайды.

6 6. Экологиялық таза өнім алу мақсатында бал ара ұялары улы химиялық заттармен өңделмеген алаңдарды орнатылады.

7 7. Бал ара ұялары басқа шаруашылықтардағы омарталарға жақын орналастырылмауы тиіс және мал дәрігерлік сауықтыру жасау мақсатында омарталарды бір-бірінен 3-5 шақырым қашықтықта орналастыру керек.

8 8. Омарталарды ауыл шаруашылығына пайдалы жерге орналастыру кезінде егілген дақылдарды таптауға, сол айналаны ластауға жол берілмеуі тиіс.

9 9. Омарталарды басқа жер учаскелеріне орналастыру мәселелері Қазақстан Республикасының "Жер туралы" қолданыстағы Заңына сәйкес жер телімінің иелері және жерді пайдаланушылармен келісілуі тиіс.

10 10. Ара ұяларын басқа аймақтардан сатып алу және сыртқа шығару, оларды облыс аумағына орналастыру Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрігерлігі туралы" заң күші бар Жарлығына , басқада нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

11 11. Омарта иелері Қазақстан республикасының мал дәрігерлігі туралы заңнамасында қарастырылған мал дәрігерлігі туралы заңнамасында қарастырылған мал дәрігерлік-санитарлық ережесін орындауға, сондай-ақ техникалық және өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға міндетті.

12 12. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жауаптылыққа тарттырады.

3 3. Бақылау

13 13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс бойынша аумақтық басқармасы (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғалардың осы Ережеде белгіленген шарттар мен талаптарды орындауларына бақылау жасауды жүзеге асыратын болады.

Қолданыстағы