Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 23 · қабылданған 16.01.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139056/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 23 ·16.01.2020
26.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 23 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23
Қабылданған күні
16.01.2020
Көрсетілген редакция
26.11.2020 139056_493991.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TAH04581
ЭКБ идентификаторы
139056
Редакция идентификаторы
139056_493991
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:21

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Атырау қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 07-5/573 хатына сәйкес, Қайыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қайыршақты ауылдық округі, «Jan Adil» шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты аталған шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы