О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 17.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2020 139068_440486.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20C0006753
- ЭКБ идентификаторы
- 139068
- Редакция идентификаторы
- 139068_440486
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:19
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 11 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 241 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4993 тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 352 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 241 «Туристік маршруттар мен соқпақтар мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5941 тіркелген, 2018 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).
3
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 353 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 241 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6379 тіркелген, 2019 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).
4
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 354 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6385 тіркелген, 2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).
5
5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 463 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6482 тіркелген, 2019 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).