Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах административно-территориального устройства Атырауской области

Қаулы · № 1 · қабылданған 20.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139079/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О некоторых вопросах административно-территориального устройства Атырауской области Қолданыста Қаулы ·№ 1 ·20.01.2020
20.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах административно-территориального устройства Атырауской области

Қолданыста Қаулы ·№ 1 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах административно-территориального устройства Атырауской области
Атауы (қаз.)
Атырау облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
20.01.2020
Көрсетілген редакция
20.01.2020 139079_440623.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20T0004582
ЭКБ идентификаторы
139079
Редакция идентификаторы
139079_440623
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:17

0 Атырау облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбiр мәселелерi туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) және 3) тармақшаларына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Атырау қаласының және Махамбет ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс ХХХІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1 1. Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округінің жер қорынан жалпы ауданы 13665 гектар жер учаскесін қосу арқылы Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.

2 2. Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округіне жер қорынан жалпы ауданы 13665 гектар жер учаскесін беру арқылы Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.

3 3. Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округін Алмалы және Береке ауылдарымен бірге Атырау облысы Махамбет ауданының құрамынан шығарып, Атырау облысы Атырау қаласының құрамына енгізу жолымен бағыныстылығы өзгертілсін.

4 4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы