Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении периодичности обновления картографической продукции, создаваемой за счет бюджетных средств

Бұйрық · № 33/НҚ · қабылданған 27.01.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139159/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении периодичности обновления картографической продукции, создаваемой за счет бюджетных средств Күшін жойған 28.02.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении периодичности обновления картографической продукции, создаваемой за счет бюджетных средств

Күшін жойған Бұйрық № 33/НҚ 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении периодичности обновления картографической продукции, создаваемой за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33/НҚ
Қабылданған күні
27.01.2020
Көрсетілген редакция
28.02.2023 139159_623032.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019939
ЭКБ идентификаторы
139159
Редакция идентификаторы
139159_623032
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:14
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту туралы

«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігі

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігі
Аумақ­тар
Жа­ңар­ту ке­зең­де­рі, жыл
мас­шта­б­тар­дың мем­ле­кет­тік то­по­гра­фи­я­лық жос­пар­ла­ры:
1:2 000
1:5 000
мас­шта­б­тар­дың мем­ле­кет­тік то­по­гра­фи­я­лық кар­та­ла­ры:
1:10 000
1:25 000
1:50 000
1:100 000
1:200 000
1:500 000
1:1 000 000
Жер­ле­рі еле­улі өзгер­ген аумақ­тар және ел­ді ме­кен­дер (рес­пуб­ли­ка­лық және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар) және олар­дың пер­спек­ти­ва­лы да­муы­на және құ­ры­лы­стар са­лу­ға ар­нал­ған аумақ­тар, өнер­к­ә­сіп­тік объ­ек­ті­лер, пай­да­лы қаз­ба­лар өн­ді­ру орын­да­ры
4–6 жыл
6–10 жыл
Жер­ле­рі неғұр­лым аз өзгер­ген
аумақ­тар және ел­ді ме­кен­дер (ша­ғын қа­ла­лар, мо­но­қа­ла­лар, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, кент­тер, ауыл­дар) және олар­дың пер­спек­ти­ва­лы да­муы­на және құ­ры­лы­стар са­лу­ға ар­нал­ған аумақ­тар, өнер­к­ә­сіп­тік объ­ек­ті­лер, пай­да­лы қаз­ба­лар өн­ді­ру орын­да­ры
7–10 жыл
10–15 жыл
Өзге аумақ­тар
-
20 жы­л­ға дей­ін
Ескертпе: қажет болған жағдайда картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттілігіне, жекелеген аумақтарды кешенді дамыту, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілетін нығайту және жергілікті жердің өзгеру дәрежесіне қарай қысқарады не ұлғаяды.