Об установлении ограничительных мероприятий в связи с регистрацией бруцеллеза среди крупного рогатого скота в крестьянском хозяйстве «Дина» в Маканчинском сельском округе Урджарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в связи с регистрацией бруцеллеза среди крупного рогатого скота в крестьянском хозяйстве «Дина» в Маканчинском сельском округе Урджарского района
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Дина» шаруа қожалғында ірі қара малдары арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 27.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2020 139224_464268.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VRV06715
- ЭКБ идентификаторы
- 139224
- Редакция идентификаторы
- 139224_464268
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:14
0 Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Дина» шаруа қожалғында ірі қара малдары арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылдың 27 желтоқсандағы № 313 ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Дина» шаруа қожалғында ірі қара малдары арасында бруцеллез індеті шығуына байланысты шектеу шаралары енгізілсін.
2
2. «Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша), Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.