Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Казникель» для проведения разведки полезных ископаемых и геологического изучения на территории Долонского сельского округа в районе месторождения «Горностаевское»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Казникель» для проведения разведки полезных ископаемых и геологического изучения на территории Долонского сельского округа в районе месторождения «Горностаевское»
- Атауы (қаз.)
- «Казникель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді жүргізу үшін Долон ауылдық округінің аумағындағы «Горностаевское» кен орынында қауымдық сервитут орнату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 22.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2020 139228_442436.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VG006710
- ЭКБ идентификаторы
- 139228
- Редакция идентификаторы
- 139228_442436
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:15
0 «Казникель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді
жүргізу үшін Долон ауылдық округінің аумағындағы
«Горностаевское» кен орынында
қауымдық сервитут орнату туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабы 1-1) тармақшасына, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулыға қосымша бойынша, «Казникель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Долон ауылдық округінің аумағындағы «Горностаевское» кен орынында пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді жүргізу үшін жалпы көлемі 2625,0 гектар жер телімдеріне қауымдық сервитут 2022 жылғы 26 ақпанға дейінгі мерзіммен орнатылсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) аумақтық әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3 3) оның ресми жариялануынан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданының интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.М. Борсукбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қауымдық сервитут орнатылған жер телімдерінің тізбесі (шектеулі нысаналы пайдалану құқығы)
Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 22 қаңтары № 17
қаулысына қосымша
Қауымдық сервитут орнатылған жер телімдерінің тізбесі
(шектеулі нысаналы пайдалану құқығы)
№ р/с
Телімнің кадастрлық нөмірі
Жер пайдаланушы
Нысаналы мақсаты
Жалпы көлемі, га
Қауымдық сервитут көлемі, га
1
05-240-028-201
Байгамытова Тангули Хакимовна
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
2375,0
1246,2
2.
05-240-028-209
Касенов
Амантай
Жабайканович
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
1634,0
0,9431
3.
05-240-028-233
Касенов
Амантай
Жабайканович
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
508,0
228,1
4.
05-240-028-235
Кусманов
Салтанат Кусманович
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
2038,0
175,4
5.
05-240-028-268
Кұмарғазы
Бекен
Фермер шаруашылығын жүргізу үшін
520,6
0,1156
6.
Босалқы жерлер
974,2413
Барлығы
2625,0