Құжат мәтініне өту

Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 6 · қабылданған 21.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139229/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Восточно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 6 ·21.01.2020
26.05.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 6 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
21.01.2020
Көрсетілген редакция
26.05.2022 139229_577937.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0006711
ЭКБ идентификаторы
139229
Редакция идентификаторы
139229_577937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:16

0 Шығыс Қазақстан облысындағы

спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 15509 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидаларының 33-тармағына, Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссияның 2019 жылғы 2 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 333 «Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5358 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қаңтарда электрондық түрде жарияланған, «Дидар» газетінде 2018 жылғы 20 қаңтарда және «Рудный Алтай» газетінде 2018 жылғы 20 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі

9 Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы
№ 6 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топ­тар ата­уы

Олим­пи­а­да­лық емес спорт тү­рі­нің ата­уы
Жаз­ғы олим­пи­а­да­лық спорт тү­рі­нің ата­уы
Қы­сқы олим­пи­а­да­лық спорт тү­рі­нің ата­уы
Па­ра­лим­пи­а­да­лық спорт тү­рі­нің ата­уы
Ұлт­тық спорт тү­рі­нің ата­уы
«А» то­бы
1
Гір спор­ты
Ауыр ат­ле­ти­ка
Би­ат­лон
Ат спор­ты
Ауда­ры­спақ
2
Кик­бок­синг
Бокс
Сно­уборд
Па­ра дзю­до
Жек­пе-жек
3
Қол кү­ре­сі
Клас­си­ка­лық во­лей­бол
Тау шаң­ғы­сы спор­ты
Па­ра же­ңіл ат­ле­ти­ка
Қа­зақ кү­ре­сі
4
Қол кү­ре­сі (ТҚАЗС)
Грек-рим кү­ре­сі
Фри­стайл мо­гул
Па­ра жү­зу
То­ғыз­кұ­ма­лақ
5
Сур­до қол кү­ре­сі
Дзю­до
Шай­ба­лы хок­кей
Па­ра пау­эр­лиф­тинг
6
Пан­кра­ти­он
Ер­кін кү­рес
Шаң­ғы жа­ры­ста­ры
Па­ра үстел тен­ни­сі
7
Пре­зи­дент­тік көп­сай­ыс
Есу сла­ло­мы
Шорт-трек
Па­ра шаң­ғы жа­ры­сы
8
Ра­дио­спорт
Же­ңіл ат­ле­ти­ка
9
Сам­бо
Сем­сер­ле­су
10
Спорт­тық бағ­дар­лау
11
International Taekwon-do Federation версиясы бойынша Таэквон-до ITF
«В» тобы
1
Арбамен билеу
Байдарка мен каноэде есу
Керлинг
Асық ату
2
Джиу-джитсу
Батуттық гимнастика
Конькимен жүгіру спорты
Бәйге
3
Сурдо жзюдо
Велосипед спорты
Шаңғымен тұғырдан секіру
Көкпар
4
Допты хоккей
Жүзу
Теңге iлу
5
Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)
Көркем гимнастика
6
Сурдо жеңіл атлетика
Таеквондо
7
Киокушинкай-кан каратэ
Үстел теннисі
8
Кудо
Футбол
9
Қоян-қолтық ұрыс
10
Пауэрлифтинг
11
Туристтік көпсайыс
12
Фитнес
13
Сурдо шайбалы хоккей
14
Шахмат
15
Шинкиокушинкай каратэ
«С» тобы
1
Nomad ММА
Ат спорты
Конькимен мәнерлеп сырғанау
Жамбы ату
2
Автомотоспорт
Бадминтон
Шаңғы қоссайысы
Құсбегілік
3
Альпинизм
Баскетбол
Қыз қуу
4
Ашихара-каратэ
Қол добы
5
Бодибилдинг
Садақ ату
6
Бильярд
Спорттық гимнастика
7
Би спорты
Спорттық құзға өрмелеу
8
Бүкілстильдік каратэ
Стенд ату
9
Грепплинг UWW
Суға секіру
10
Дойбы (ТҚАЗС)
Су добы
11
Каратэ-до кёкушинкай KWF
Нысана көздеу
12
Кекушинкай каратэ
Теннис
13
Компакт-спортинг
Триатлон
14
Мұзға өрмелеу
15
Спорттық акробатика
16
Спорттық балық аулау
17
Тәжірибелік ату
18
Таеквондо GTF
19
Тоғызқұмалақ (ТҚАЗС)
20
Толық контактілі каратэ
21
Ушу
22
Сурдо футбол
23
Шахмат (ТҚАЗС)
24
Сурдо шахмат
Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
ТҚАЗ – Тірек қимыл аппараты зақымданған;
Сурдо – Сурдолимпиадалық спорт түрлері;
ITF – Интернешнал Таеквондо Федерейшн (International Taekwondo Federation);
ММА – Миксд Мартиал Артс (Mixed Martial Arts);
UWW – Юнайтэд Ворлд Врестлинг (United World Wrestling);
KWF – Каратэномичи Ворлд Федерейшн (Kyokushin World Federation);
GTF – Глобал таеквондо федерейшн (Global taekwon-do federation).

Қолданыстағы