Об утверждении тарифа на сбор, вывоз, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Уральск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифа на сбор, вывоз, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Уральск
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифті бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40-9
- Қабылданған күні
- 29.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2021 139232_540245.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ZA006009
- ЭКБ идентификаторы
- 139232
- Редакция идентификаторы
- 139232_540245
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:13
0 Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге
арналған тарифті бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №23-4 «Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5273 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған), 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №27-10 «Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №23-4 «Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5487 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтер
Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№40-9 шешіміне қосымша
Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтер
№
Атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы, теңге (ҚҚС-сыз) айына
1.
Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тариф
1
тұрғын
255,55
2.
Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тариф
1
тұрғын
260,36
3.
Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тариф
1 м3
1152,87
3.1.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару
752,87
3.2.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
170
3.3.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму
230
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м3– текше метр;
ҚҚС - қосымша құн салығы.