О некоторых вопросах ввоза в Республику Казахстан и эксплуатации гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в государствах-членах Евразийского экономического союза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах ввоза в Республику Казахстан и эксплуатации гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в государствах-членах Евразийского экономического союза
- Атауы (қаз.)
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25
- Қабылданған күні
- 31.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2020 139280_442231.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000025
- ЭКБ идентификаторы
- 139280
- Редакция идентификаторы
- 139280_442231
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:10
0 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген
жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің
және Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануының
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 18-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларында:
20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылғы 1 наурызға дейін енгізіледі.»;
22-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылады.»;
2 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2020 жылғы
1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген, «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламентінің (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы
9 желтоқсандағы № 877 шешімі) талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдарын тіркеу;