О переименовании улиц Междуреченского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц Междуреченского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Междуреченск ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 29.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2020 139304_441960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DJH05420
- ЭКБ идентификаторы
- 139304
- Редакция идентификаторы
- 139304_441960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:12
0 Междуреченск ауылдық округінің
көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Междуреченск ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Междуреченск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Междуреченск ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Междуреченск ауылына қарасты «Речная» көшесі «Жібек жолы» көшесіне, «Лесная» көшесі «Атамұра» көшесіне, «Школьная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесіне, «Комсомольская» көшесі «Мағжан Жұмабаев» көшесіне, «Алматинский» көшесі «Алматы» көшесіне, «Ворошилов» көшесі «Бауыржан Момышұлы» көшесіне, «Степная» көшесі «Ұлы Дала» көшесіне, «Восточная» көшесі «Ғабит Мүсірепов» көшесіне, «Пионерская» көшесі «Ахмет Байтұрсынұлы» көшесіне, «Красногвардейская» көшесі «Абылай хан» көшесіне, «Интернациональная» көшесі «Бейбарыс Cұлтан» көшесіне, «Фурманов» көшесі «Жәнібек хан» көшесіне, «Набережная» көшесі «Ақбұлақ» көшесіне, «Речная» көшесі «Жаяу Мұса» көшесіне, «30 лет Победы» мен «РСУ3» көшесі «Тәуелсіздік» көшесіне, «40 лет Победы» мен «Советская» көшесі «Мұхтар Әуезов» көшесіне, «Мир» көшесі «Мәңгілік Ел» көшесіне,
«К. Маркс» көшесі «Әлихан Бөкейхан» көшесіне, «Зеленая» көшесі «Шоқан Уәлиханов» көшесіне, «Шоссейная» көшесі «Дінмұхамед Қонаев» көшесіне, «Дзержинский» көшесі «Мұқағали Мақатаев» көшесіне, «Строительная» көшесі «Құрманғазы» көшесіне, «В. Ленин» көшесі «Достық» көшесіне.
Жауғашты ауылына қарасты «Центральная» көшесі «Абай» көшесіне, «Новая 1» көшесі «Достық» көшесіне, «Новая 2» көшесі «Шоқан Уәлиханов» көшесіне, «Новая 3» көшесі «Әбу Насыр әл-Фараби» көшесіне, «Новая 4» көшесі «Құрманғазы» көшесіне, «Седов» көшесі «Шәмші Қалдаяқов» көшесіне, «Набережная» көшесі «Мұхтар Әуезов» көшесіне, «Фабричная» көшесі «Талғат Бигелдинов» көшесіне, «Солнечная» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесіне, «Школьная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесіне, «Калинин» көшесі «Тұрар Рысқұлов» көшесіне.